Қарағанды техникалық университеті Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мектеп оқушылары мен колледж студенттерін онлайн форматта платформада өткізілетін ФАКУЛЬТЕТ АПТАЛЫҒЫНА шақырады (Microsoft Teams)


Өткізілетін күні:

Сәулет-құрылыс факультеті – 11.02.2021ж.;

Тау-кен факультеті – 12.02.2021ж.;

Машина жасау факультеті – 18.02.2021ж.;

Жол-көлік факультеті – 19.02.2021ж.;

Инновациялық технологиялар факультеті – 23.02.2021ж.;

Инженерлік экономика және менеджмент факультеті – 25.02.2021ж.;

Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті – 26.02.2021ж.

Өтетін уақыты: 15.00сағ. – 17.00сағ.

Іс-шара бағдарламасына мыналар кіреді: мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнероликтер көрсету, білім беру бағдарламалары мен инновациялық жетістіктердің презентациясы, ҰБТ түсу және оны тапсыруға дайындық шарттары бойынша түсіндіру, әр факультеттің стратегиялық даму бағыттарымен және үздік студенттердің оқу және ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктерімен танысу, ҚарТУ оқытудың артықшылықтарын талқылау және т.б. Іс-шараға қатысушылар декандар мен басқа да жүргізушілерге өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын жеке қоя алады.

 

 

 

Без рубрики