Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» «Мәңгілік Ел жастары-индустрияға!» — «Серпін» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында 2021 жылдың 20 қаңтарынды ZOOM платформасында Жоғары оқу орындарының «Серпін» әлеуметтік жобасына жауапты қызметкерлерімен «Серпін бағдарламасы: болашағы және қазіргі жағдайы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті.
Кездесуге Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғұрлығы» орталығының басшысы, ф.ғ.к., профессор Аубакиров Н.М., «Серпін» оқу орталығының жетекшісі Жетпісбай Ш.А., сәулет құрылыс факультетінің «көлік құрылысы» мамандығының 1-курс студенті Сапаров Азамат, жол-көлік факультетінің «көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының 4-курс студенті Рахметова Ұлданай қатысып университетіміз жайлы ойларын ортаға салды.
Сол сияқты Жамбыл облысынан оқуға түсіп 2019, 2020 жылы бітірген түлектеріміз де қатысты, солардың арасында алыс-жақын шетелдерде және Қазақстанның ЖОО магистратурада оқып жатқан түлектеріміз, атап айтсақ Дауылбаев Айтқазы — Шотландияда, Қыдыров Нүркен — Томскіде, Бақан Назерке, Қалдыбай Аяужан, Абдуллаева Айзада т.б. қатысты.