2019 жылдың 24 қазан күні БЖД-19-1с тобында «Сәкен Сейфуллиенге 125 жыл» атты ашық куратор сағаты өтті


Сәкен- қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.

Бұл іс-шара қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналады.

Топ кураторы К.К. Сакитаеваның ұйымдастыруымен өткен іс-шараға БЖД-19-1с тобының студенттері белсенді қатыса отырып, С.Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы баяндалды. Сонымен қатар, ақынның «Тау ішінде», «Көкшетау» лирикалық әндері мен «Мен Сәкенмін», «Сәкеннің монологі», «Ананың хаты», «Күзгі дала» өлеңдері орындалды.

 

 

Без рубрики