«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесі» тақырыбы бойынша бірінші курс студенттерінің арасында баяндама конкурсы


«Шет тілдер» кафедрасы

14 ақпан 2020 жылы сағат 11:00-де

1 ғимараттың 536 аудиториясында

ағылшын тілінде тәрбиелік іс – шара  өткізеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесі» тақырыбы бойынша бірінші курс студенттерінің арасында баяндама конкурсы

Негізгі мақсаты: бәсекеге қабілетті маманның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Тәрбиелік іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.

Іс-шараға жауаптылар: шетел тілдері кафедрасы, п. ғ. к., доцент Джантасова Д. Д., тәрбие жұмысына жауапты Изотова А. С., аға кафедра  мұғалімдері Бабжанова Р.Ж., Кубеева М.М.

Сыбайлас жемқорлық кез келген елдің экономикалық және саяси дамуы үшін маңызды проблема болып табылады. 1 курс студенттері (АСФ, ФИТ, ФЭМ, ФИАТ, ГД) іс-шара тақырыбы бойынша «Anti-corruption methods in Netherlands», «Fight against corruption in Sweden», «Fighting corruption in New Zealand», «Anti-corruption methods in Switzerland», «Against corruption in Hong Kong», «Anti-corruption methods in Netherlands, Singapore, New Zealand, The Dominican Republic, in Brazil»  ағылшын тілінде презентациялармен сөз сөйледі, сондай-ақ көрермендер жүргізушінің сұрақтарына жауап беріп, викторинаға қатысты.

Әділ қазы алқалары: кафедраның аға оқытушылары Бажанова Рымгуль Жумагалиевна, Тентекбаева Жулдыз Мухамедгалиевна, Нурпейсова Дина Лесбековна.

Аяқтау көрсеткіші: Жаңа гуманитарлық білім алу, шет тілін білу, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру

1 курстың 70 студенті қатысты.

Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Жүлделі орындарға ие болды:

  1. Есенбаева Толкынай ГПР 19-1 (аға оқытушы Изотова А.С.)
  2. Булатова Лейла БТ-19-2 (оқытушы Алкен С.Х.)
  3. Андасов Малик ГД 19-3 (аға оқытушы Изотова А.С.)

Ағылшын тіліндегі үздік презентация номинациясы бойынша («Best speaking performance») — Джумабаева Карина ИС 19-1  (аға оқытушы  Кубеева М.М.), Толеуова Айнур ГПР 19-1 (аға  оқытушы Изотова А.С.)

Ең креативті презентация сертификатына — Ахметжан Айболат  АиУ-19-2  (оқытушы Алкен С.Х.)

 

 

 

Без рубрики