29.11.2019ж. кафедра меңгерушісі Сагатова А.С. «Достық үйінде» «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы» атты Қарағанды облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің облыстық Форумының жұмысына қатысты және модераторы болды.
Іс-шара мақсаты: Қарағанды облысы ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін дамытудың міндеттері мен перспективаларын талқылау.
Контингент: Қарағанды облысы Қоғамдық келісім кеңестерінің, облыстық этномәдени бірлестіктері мен ҚХА құрылымдарының төрағалары, облыстық басқармалардың басшылары, Қарағанды облысының қалалары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының ішкі саясат бөлімдерінің басшылары.
Күтілетін нәтижелер: қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, ҚР Үкіметі мен ҚХА жобаларын қоса алғанда, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру; азаматтардың өзекті проблемалары бойынша ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің виртуалды кабинеттері мен жедел желісі құру.