Наурызнама онкүндігін қорытындылайтын Тазару күні үйлесімділіктің, жаңарудың және болашаққа деген сенімнің бастауы болып табылады.
Тазару күні тек қоршаған ортаны ғана емес, жүрек пен ойды, жан дүние тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл күн барша адамды кешірімді әрі мейірімді болуға, жаңашылдық пен ізгілікке жол ашуға шақырады.