22 ақпан 2022 ж. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне кәсіптік бағдар беру жұмысы өтті


22.02.2022 сағат 15:00, БЖТ кафедрасының бағдарлау жұмысы  бойынша менеджері – Гаврилова М.А., және БЖТ кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы – Қалиаскаров Н.Б. және Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің «Телекоммуникация жүйелерінің техникі» бағыты бойынша студенттермен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.

Студенттерге ақпараттық слайдтар ұсынылды, университет туралы айтылды, классификаторға сәйкес оқуға түсуге болатын ЖОО-ның білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді, КТА-ға дайындық курстары туралы айтылды.

Сондай-ақ «Технология және байланыс жүйелері» кафедрасы туралы және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы туралы бейнеролик көрсетілді.

Без рубрики