2025 жылғы желтоқсан айында Microsoft Teams платформасында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқан 2026 жылғы түлектермен, оның ішінде «Серпін» және «Ауыл квотасы» бағдарламалары бойынша оқитын студенттермен «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерінің онлайн-кездесуі өтті.
Кездесудің спикері — А. Серікқали, «Қаржы орталығы» АҚ өкілі.
Іс-шараның мақсаты — жас мамандарды міндетті түрде жұмысқа жіберу жөніндегі қолданыстағы заңнама нормаларын, сондай-ақ осы нормаларды қолдану тәртібін түсіндіру.
Кездесуге университеттің факультет декандары, бітіруші кафедра меңгерушілері және 6 факультеттің бітіруші студенттері қатысты. Кездесу Microsoft Teams платформасында өтті.
