2026 жылғы 26 ақпанда оқытушы Дашкин Илья Рафаильевич «Үздік IT-сабақ» облыстық байқауында «IT-саласындағы арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері» бағыты бойынша 🥈 2-орынға ие болды.


Байқау Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы тарапынан Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ұйымдастырылды.

Байқауға Қарағанды облысының 27 колледжі қатысты.

Байқау төрт бағыт бойынша өткізілді:
* жалпы білім беретін пәндер оқытушылары;
* информатика пәні оқытушылары;
* арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері;
* IT-саласындағы арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері.

Байқаудың финалдық кезеңі Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжі базасында офлайн форматта өтті.

Дашкин Илья Рафаильевичті лайықты жетістігімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер және студенттермен жұмыста шабыт тілейміз!

[/su_custom_gallery]
Без рубрики