2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру.


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік бойынша 2026-2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2026 жылғы 9 ақпан.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 10 наурыз (қоса алғанда).

Қосымша ақпарат алу үшін «Ғылым және инновация» департаментінің «Инновациялар және ғылыми-техникалық бағдарламалар» бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз: INTP.department@ktu.edu.kz, бас корпус, 228 кабинет, тел. 56-68-22, ішкі 22-26.

Байқау бойынша  құжаттаманы келесі сілтемеден алуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/1154177?lang=kk

Без рубрики