2025 жылдың 19 желтоқсанында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінде КПО 9/25-2 тобымен ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді.


 

🔹 Ашық сабақ тақырыбы: «Conditional sentences and Capabilities of the human brain»

🔹 Ашық сабақтың мақсаты – шартты сөйлемдердің (Conditional sentences) түрлерін меңгерту; адамның ми мүмкіндіктері туралы сөздік қорын кеңейту; сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдыларын дамыту.

🔹 Сабақта қолданылған әдістер мен технологиялар:
🔹 Интерактивті тапсырмалар мен жұптық жұмыстар
🔹 Видео материалдар арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру
🔹 Сыни ойлауға бағытталған сұрақтар мен пікірталас
🔹 Топтық және жеке жұмыстар
🔹 WordWall платформасы бойынша қызықты тақырыпқа байланысты тапсырма жұмыстары

🔹 Сабақ барысында студенттер шартты сөйлемдерді ауызша және жазбаша сөйлеуде тиімді қолдануды үйренді, адамның ми қабілеттері туралы өз ойларын еркін жеткізе алды.

🔹 Нәтиже: Студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, ағылшын тілінде ойлау және сөйлеу дағдылары қалыптасты. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылардың белсенділігі артты.

🔹 Ашық сабақ заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану арқылы нәтижелі өтті.

Ашық сабақты өткізген ағылшын тілі пәнінің оқытушысы: Еркинжан Бекболатқызы

[/su_custom_gallery]
Без рубрики