2024 жылдың 20 ақпанында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» студенттері арасында «Саналы ұрпақ» клубы және Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Студеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында бейнероликтер түсіру байқауы өтті.


Байқау мақсаты -белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу,студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың практикалық дағдыларын игеруі, студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік роликтерді әзірлеу. Бейнеролик байқауының әділ қазылар ретінде Ақпараттық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы пулының спикері Тоқатов Руслан Алтайұлы , Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ комплаенс офицері Полякова Н.А. және ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Сейдинова М.А. қатысты. Студенттеріміз өте жоғары белсенділік танытты. Жалпы 27 жұмыс тапсырылды. Оның ішінде конкурс талабына сай 7 жұмыс іріктеліп, әділ қазылар алдында өз жұмыстарын қорғады. Жұмыстар арасында жүлделі орынға лайықты 3 жұмыс анықталып марапатталды.
І Дәрежелі дипломмен “Инновациялық технологиялар колледжі” тобы марапатталды. Жетекшісі: оқытушы Умирбекова Г.Ш.
ІІ Дәрежелі дипломмен “Азамат” (Цаф-21-1)тобы марапатталды. Жетекшісі: аға оқытушы Толеуова М.О.
ІІІ Дәрежелі дипломмен “Парасат”(ГиК -21-1) тобы марапатталды. Жетекшісі: аға оқытушы Жуматова Г.М.
Қалған топтар алғыс хатпен марапатталды.

Без рубрики