2022 жылдың 16 мамырында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-та «Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты дөңгелек үстел өтті.


Іс-шараға басқарма мүшелері, ЖОО бөлімшелерінің басшылары, барлығы 50-ден астам адам қатысты.

Негізгі баяндаманы Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.М. Темербаева жасады, ол Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы маңызды бастамасы туралы айтты: «Түзетулер суперпрезиденттік басқару нысанынан, ықпалды Парламенті және есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекітуге және демократиялық процестің жеделдеуіне, елдегі бірлік пен ынтымақтастықтың нығаюына ықпал ететін болады. Ашық әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекет, әділ және тең құқықты қоғам құруға ұмтылыс Президент пен барлық қазақстандықтарды біріктіреді, сондықтан референдумға қатысу – біздің ортақ парызымыз».

Департамент басшылары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері дөңгелек үстел тақырыбын талқылауға белсене қатысып, осы тарихи сәтте барлығымыз бірігіп, азаматтық ұстанымымызды танытып, алдағы референдумға белсенді қатысуымыз керек деген ортақ пікірге келді.

Без рубрики