2022 жылғы «Үздік куратор», «Үздік студент», «Факультеттің үздік жастар орталығы», «Жатақхананың үздік қабаты» байқауларының жеңімпаздары жарияланды


Тәрбие жұмысын дамыту мақсатында және жастар саясатын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ 25.04.2022 ж. — 20.05.2022 ж. аралығында ең нәтижелі оқытушы-кураторлар мен белсенді студенттерді көтермелеу және ынталандыру мақсатында университетте «Үздік куратор», «Үздік студент», «Факультеттің үздік жастар орталығы», «Жатақхананың үздік қабаты» конкурстары өткізілді.

Конкурстарға қатысу үшін факультеттердің кеңестерімен 13 куратор және 14 студент ұсынылды. Сондай-ақ, байқауға барлық 7 факультеттің жастар орталықтары және 3 студенттік жатақхананың 7 қабаты қатысты.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы негізінде университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен конкурс жеңімпаздары анықталды.

 «Үздік куратор»:

1 орын – ХжХТ кафедрасының аға оқытушысы Амирхан А.А.;

2 орын – ӨПА каф. оқытушысы Хайруллина Э.К.;

3 орын – Механика каф. оқытушысы Филиппова Т.С.

 

«Үздік студент»:

1 орын – Аққазыев Бекжан, ВСУ-19-1 тобы студенті;

2 орын – Алдунгаров Тамырлан, ИТМ-19-1 тобы студенті;

3 орын – Назым Әділхан, БТ-19-2 тобы студенті.

 

«Факультеттің үздік жастар орталығы»:

1 орын – ЭАТФ жастар орталығы;

2 орын – МФ жастар орталығы;

3 орын – СҚФ жастар орталығы.

 

«Жатақхананың Үздік қабаты»:

1 орын – «Армандастар Ордасы» жатақханасының 9 қабаты;

2 орын – «Студенттер үйі» жатақханасының 3 қабаты;

3 орын – №3 жатақхананың 2 қабаты.

 

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, т.ғ.д., профессор М.К. Ибатов аталған конкурстардың жеңімпаздарын салтанатты түрде құттықтап, оларға тиісті грамоталар мен ақшалай сертификаттарды табыс етті.

Университеттің дәстүрге айналған конкурстарының жеңімпаздарын құттықтаймыз және белсенді жастар мен озық кураторларға жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики