2021 жылдың 27 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Мен қазақтың баласымын» атты университеттің жас ақындары арасында жыр мүшайрасы өтті.


Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі  Қ.С.Қалыбекованың  жетекшілігімен 2021 жылдың 27  қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  аясында Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Мен қазақтың баласымын» атты университеттің  жас ақындары арасында жыр мүшайрасы өтті.

Ұйымдастырушылар п.ғ.м., аға оқытушы Әбілқасов Ғ.М., аға оқытушы Хасен М.Ә., п.ғ.м., аға оқытушы Жетпісбай Ш.А.

Мүшайраның мақсаты: Ақиық ақын Қасым Аманжоловтың әдеби жыр мұрасын студент жастар арасында насихаттай отырып, қазіргі қазақ поэзиясының өркендеп алға дамуына ықпал ету, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, Тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін қасиетті өлең құдіреті арқылы жыр сүйер өскелең ұрпаққа дәріптеп, жеткізу.

Мүшайраға «Тілдердің үштұғырлығы» орталығының жетекшісі Аубакиров Нұрлыбек Маманұлы, қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Хамзина Қарлығаш Мәуенқызы, патриоттық  ҒЗИ ның жетекшісі  Бушманова  Ботагөз Абилкасимовна қатысты.

Қазылар алқасының мүшелері: Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, шығармашыл жастардың Халықаралық фестивалінің лауреаты, Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының маманы Асқаров Қайрат Белгібайұлы; п.ғ.к. Аширбекова Анар Бөкеновна;  п.ғ.м., Нұржанова Қарлығаш Қанағатовна, п.ғм., Күлейменова Лейла Мәдениетовна.

Мүшайра қоржынына 10 ақынның өлеңі келіп түскен еді. Қазылар алқасының сараптауы арқылы 6  ақын мүшәйраға қатысуға рұқсат алды. Ақындар үш тақырыпқа өлең жазды. 1.  Отан  — туған жер. 2.тақырып Қасымға  арнау. 3. Еркін тақырып.

Қазылар алқасының шешімімен бас бәйгені  ТЭ – 18 – 1 тобының студенті Тулесов Рысбек , бірінші орынды СИБ – 21 -2 тобының студенті Иемберген Айбек, екінші орынды инновациялық технологиялар факультетінің студенті  Қуатбек Назгүл  үшінші орынды СИБ – 21 -2 тобының студенті Әрімбек Нұрсұлтан  иеленді.

Без рубрики