2021 жылдың 20 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


Жыл сайынғы «Алтын Гефест» байқауы 2009 жылдан бастап «Astana Mining & Metallurgy» халықаралық конгресі аясында өткізіліп келеді. Марапат тау-кен металлургиясындағы ең беделділердің бірі болып саналады және кәсіпқойлар мен жас мамандар үшін ерекше маңызды. «Алтын Гефест» мүсіншесі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа табыс етілді. Бұнымен, байқауға қатысушылардың жобаларына кәсіби және шығармашылық талаптардың өте жоғары деңгейі қойылды.

2021 жылы байқауға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының, соның ішінде Назарбаев Университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, ССТБӨ және басқаларының өкілдері қатысты.

Осындай жоғары бәсекелестік жағдайында «Жылдың дипломдық жұмысы» номинациясында Қарағанды техникалық университетінің бұрынғы студенте, қазіргі магистранты Тлемісова Назымның жобасы үздік деп танылды. Оның дипломдық жұмысының практикалық маңызы бар және және «Пархоменко атындағы КМЗ» ЖШС-де құймаларды дайындау технологиясын жетілдіруге арналған.

«Жыл металлургі» номинациясында университетіміздің жас түлегі, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жезқазған құю-механикалық зауытының бас металлургі Қойшыбеков Нұржан үздік деп танылды. Ол қазір 35 жаста, ал ол небары 28 жасында кәсіпорынның бас металлургы болды.

Біздің жастарымызға университеттің жетекші ғалымдары үлгі көрсетіп келеді. «Жылдың ғалым-педагогы» номинациясында т.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.З. Исағұлов бірнеше рет жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қарағанды облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы, оның барлық деңгейінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз етуді дамытудың басымдықтарының бірі ретінде қояды. Қарағанды техникалық университетінің білім алушылары мен түлектерінің шығармашылық және кәсіби жетістіктері осы ЖОО-да берілетін сапалы білімнің шынайы көрсеткіші болып табылады.

Без рубрики