«2017 – Наурыз мейрамын тойлау» атты қалалық іс-шараға Университет студенттерінің қатысуы


2017  жылдың  22  наурызы күні Каскад алаңында  Қарағанды қаласының тұрғындары мен  қонақтарына арналған «2017 – Наурыз мейрамын тойлау» іс-шарасы өткізілді.

Концерттік бағдарлама үш бөлімнен тұрды.

Жүргізушілер сөз сөйледі:

1 бөлім – ПСК-14-2 тобының студенті Алькенов Әлібек және ФИЭМ-16-1 тобының студенті Жангелді Диана;

2 бөлім – РЭТ-15-3 тобының студенті Базарбаев Бейбарыс және ОПИ-13-2 тобының студенті Ахметчина Татьяна;

3 бөлім – ИС-16-1 тобының студенті Кәрібаев Айсұлтан және СТ-14-1 тобының студенті Гордеева Татьяна.

Концерттік бағдарламаға келесі Университет дарындары қатысты:

— «Вокал» шығармашылық үйірмесінің жетекшісі Ануарбеков Қуанышбек;

—«Вокал» шығармашылық үйірмесінің қатысушылары: ГПР-13-1 тобының студенті Нығыжан Нұрдәулет; ОП-15-5 тобының студенті Кажкаримов Айбек;  МЕТ-13-4 тобының студенті Тынысов  Береке;  АРХ-16-1 тобының студенті Нұржан  Сара;  ГПР-16-3 тобының студенті Ракишева  Әмина; ИС-16-1 тобының студенті Оралхан Аим;

— «Эксклюзив» би ансамблі үйірмесінің қатысушылары:  ХТОВ-15-1 тобының студенті Сейдмұхамедқызы  Дамира; ТС-15-1 тобының студенті Борашева Айдана;

— «Домбра  ансамблі» үйірмесінің қатысушылары: НД-16-2 тобының студенті Дәулетханов  Ерасыл; ПО-14-1 тобының студенті Жақсылыков  Шыңғыс;  ТС-16-1 тобының студенті Сарсембаев  Ерқанат;  ПСК-14-2 тобының студенті Алькенов  Әлібек;

—«Сөз патшасы» поэзия клубының қатысушысы — РЭТ-15-2 тобының студенті Көпейсінов Ерлан;

—Қобыз музыкалық аспабында орындаған ГД-15-3 тобының студенті Халимарденова Асель.

Без рубрики