2010-2011 оқу жылы іс-шаралары


Жастар ісі жөніндегі комитет бұл –

Университеттің қоғамдық, шығармашылық өмірі мен студенттердің

бос уақытын қамтитын орталық

Студенттік бұл – келешек мамандық таңдаумен қоса адамның тұлға ретінде қалыптасып болатын есеюдің нағыз кезі. Бұл үрдіс барысында университетімізде жастар ісі жөніндегі Комитет маңызды рөл атқарады. Жастар ісі жөніндегі Комитет университеттің белсенді студенттерін өз маңына шоғырландырып, патриотизм, интернационализм, азаматтық белсенділік сияқты құндылықтарға тәрбиелейді.
ҚарМТУ – дың ЖІК бұл – студенттердің шығармашылық көркем өнер, студенттік театр,КВН, дебат клубы үйірмелері және үрмелі аспаптар оркестрі, домбыра оркестрі, хореографиялық коллектив «Экслюзив», вокалды «Кәусар» дуэті, «Rize» қазіргі замандық би тобы сияқты көптеген үйірмелерді қамтиды.
Шығармашылықпен айналысам деген студенттер және осы коллективтер үшін екі қабатты «Жастар әлемі» студенттер сарайы бар. Студенттер сарайы хореографикалық залмен, вокалды студиямен, акт залымен және де қажетті аппаратурамен жабдықталған. ЖІК қарамағында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі студенттік «Жаңа буын» және «Орфей» театры ұйымдастырылып, белсенді жұмыс жасауда. Олардың ұйымдастырылуымен «Ромео мен Джульетта» , «Шайқасқа тек қарттар барады» спектаклдері, Жеңіс күні мерекесіне арналған, «Желтоқсан желі» атты ҚР Тәуелсіздік Күніне арналған іс-шаралар және «Алдар Көсе» спектаклі қойылды.
2009 – 2010 оқу жылдарында Н.В.Гоголдың «Ревизор» спектаклі, қазақ тілінде «Ядролық сынақ – ел қасіреті», «Махаббат пен кесапат» пьесалары қойылды.
Соңғысы қазіргі заманғы қоғамның өткір мәселелерінің біріне айналған жастар арасындағы нашақорлықты суреттейді.

Соңғы 2 жылда ЖІК-мен жаңа студенттік коллективтер ұйымдастыру жұмыстары белсенді жүргізілді, соның ішінде:

Әр дайым жұмыс істейтін хореографияалық «Эксклюзив» би ансамблінің жаңаша әр түрлі репертуары мен мықты құрамы;
вокалды – инструментті ансамбль;
университеттің үрмелі аспаптар оркестрі;
мода театры;

Мынадай үйірмелер:вокал, би үйірмелері(заманауи, ұлттық,шығыс биі, спорттық – балды би) белсенді жұмыс жасайды, сонымен қатар домбыра ансамблі ұйымдастырылды.

Университетте мемлекеттік және орыс тілдерінде дебат клубы бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Клуб құрамына университеттің барлық институттары мен курстары студенттері кіреді. Бұл клубта олар жастарға қатысты көптеген мәселелерді талқыға салады,соның ішінде: нашақорлық, темекі шегу және т.б. және де жұмысқа тұрғызу, жас отбасылардың тұрғын үй мәселесі, саяси және мемлекеттік мәселелер. ҚарМТУ студенттері қалалық және облыстық турнирлерде үлкен жеңістерге жетті. ҚарМТУ студенттері Жетпісбаев Н. және Шылғаубаев Д. кезекті турнирда ең үздік ойыншылар дипломдарымен марапатталды.

Студенттік театр студиялары, көркем өнерпаздар үйірмелері, үрмелі аспаптар оркестрі, ВИА Университет студенттеріне өздерінің қабілеттері мен дарындылықтарын көрсетуге, өз жетістіктерін қалалық, облысстық, республикалық деңгейде көрсетуге мүмкіндіктері бар. Сән театры – бұл дәстүрге айналған, жыл сайын өтетін «Мисс ҚарМТУ» және «Мистер ҚарМТУ» шоу-байқауы.
2010 жылы наурыз айында, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ректораттың қолдауымен Жастар ісі жөніндегі комитет ПОҚ өкілдері арасында Университет тарихында тұңғыш рет «Миссис ҚарМТУ 2010» байқауын өткізді. Байқау С.Сейфуллин атындағы театрда өтіп, көптеген көрермендерді жинады. Байқауды жыл сайын өткізіп отыру ұйғарылды.

Студенттік үйірмелер мен студияларының қорытынды жұмыстары мыналар – студенттеріміздің жетістіктері мен табыстары:
ТДИ студенті Кошенова Гульнараның XII Халықаралық шығармашылық жастар «Шабыт – 2009» конкурс финалына шығуы, Астана қаласында өткен «Шабыт – 2010» конкурсы қатысуы, «Жұлдыз-2009» атты II Республикалық эстрада орындаушылары конкурсында 1 орын, «Жас канат-2010» конкурсында Жургенов атындағы Республикалық өнер Академиясында оқуға грант жеңіп алды.
Жамбыл қаласында өткен III Республикалық Қазақстан студент жастар арасындағы ретро әндер конкурсының дипломанты атанған «Кәусар» дуэті(ГИ студенті Ермек Елтай және ИЭТА Ануарбеков Қуанышбек). 2010 жылдың наурыз айында облыстық С.Сейфуллин атындағы драма театрда «Кәусар» дуэті мен «Эксклюзив» хореографиялық ансамблдің шығармашылық концерті өтті. Билеттен түскен қаржы қалалық бір балалар үйінің қорына аударылды.
Халықаралық «Belly dance» би конкурсында 2 орын, «Жастар жұлдыздары» қалалық фестивальда 1орын алған ҚарМТУ-дың «Эксклюзив» хореографиялық ансамблі. 2010 жылдың 11 қарашасында «Достар елем» комплексінде өткен «Бізге 5 жыл!» атты «Эксклюзив» хореографиялық ансамблінің концерті өтті. Жетекшісі Парпиева Лаура Сагатовна.
Жастар ісі жөніндегі Комитет «Жас Отан» жастар қанатының студенттік жастарды рухани және патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын белсенді іске асыруда. Университетімізде ЖІК қатысуымен ҚР мемлекеттік мерекелері кең көлемде атап өтілуде: Тәуелсіздік Күні, Республика Күні, ҚР ұлттары тілі күні,Наурыз,Жеңіс Күні, ҚР халықтарының бірлігі Күні. Бұл іс-шаралар студенттерде терең патриотизм ,интернационализм, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу мен өз елінің тарихын құрметтеу сезімдеріне тәрбиелейді.

Наурыз-мейрамы – мерекесін тойлау бұл жыл сайынғы университеттің қалалық көрмеге қатысуы: киіз үй байқауы,өлең, би, салтанатты шеру, халық серуені, киіз үйде қонақтарға арнап жайылған бай дастархан

Барлық мемлекеттік мейрамдарға ЖІК мерекелік концертті студенттік көркем өнер ұлттық және патриоттық әндер орындау,дөңгелек үстелдер, дебат, сонымен қатар қазақ тілі және мәдениеті , әлеуметтік-гуманитарлық , орыс және шет тілдер кафедраларымен бірлесе туған өлкенің тарихы, тілі, ұлттық дәстүрлері мен салттары төңірегінде байқау ұйымдастырып отырады.

ЖІК төңірегінде жүйелі түрде институт аралық эстрадалық шығармашылық,КВН, концерттер,фестивальдар, акциялар, естелік күндер мен мерекелерге арналған байқаулар жиі өтеді.

Университетте ЖІК нің белсенді қатысуымен студент жастар мен юстиция өкілдерінің,күшті құрылымдар,дәстүрлі дін басылар, саясаткерлер, мәдениет және Қарағанды қаласының спорт қайраткерлерімен кездесулер өтеді: 2010 жылдың 9 қыркүйегінде университет студенттерімен Қарағанды қаласының ОПБ бастығы орынбасары подполковником Косымбаевым Б.Т., Қарағанды қаласының ІІБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы орынбасары, полиция майоры Оразбаев А.А және Қарағанды қаласының ОПБ майоры Корниенко К.А. кездесулері өтті.Кездесудің негізгі мақсаты студенттерде девианттық мінез-құлықты дұрыс басқаруды қалыптастыру. 2010 жылдың 4 қарашада университеттің акт залында ҚР халықтар ассамблеясының және Қарағанды қаласының мәдени орталықтары өкілдерімен кездесу өтті.Олардың әрқайсысы өз жұмыстарымен, өз орталықтарымен таныстырып өтті.Мұндай кездесулер ұлтаралық татулықтың дамуына айтарлықтай үлес қосады. Кездесуде грек,неміс,татар-башқұрт, литов,поляк ұлттарының өкілдері болды.

Семестр басында Қарағанды қаласында өтетін VII Қысқы Азия Ойындарының олимпиядалық алауын салтанатты қарсы алу. Бұл іс – шарада ЖІК университет деканаттарының бірігуімен белсенді ат салысты. 2011 жылдың 15 ақпанында сағ:15.00 облыстық С.Сейфуллин атындағы драма театрда дәстүрлі «Мистер ҚарМТУ-2011» шоу-конкурсы өтті. 2011 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Мистер ҚарМТУ-2011» шоу-конкурсын Қазақстан Республикасының 20-жылдығына арнады. ҚарМТУ- дың 8 студенті «Мистер ҚарМТУ» атағына ие болуға тартысқа түсті. Аталмыш іс-шара өте үлкен концерттік нөмірлер арқасында жастық, таланттық пен сұлулық мерекесіне айналды. Жігіттер өзін өзі көпшілікке таныстыра білумен ғана емес, сонымен қатар ақылы мен талантын да ортаға салды. Мұнымен қоса жүрек сұлуымен шығу, би және спорт өнерімен сайысқа түсу (соның ішінде сахнада арм-реслинг бойынша мини-турнир өтті).Барлық қатысушылар жоғары марапатқа тұрарлық еді, алайда қазылар алқасы тек жалғыз қайталанбас «Мистер ҚарМТУ» таңдады. «Мистер ҚарМТУ» болып Машинажасау институтының студенті Игаят Беркенов атанды ,ал «Вице-министр ҚарМТУ-2011» титулына Экономика және бизнес институты студенті Арлен Калиаскаров ие болды.

2011 жылдың 16 ақпанында сағ:12.00 ҚарМТУ Бас ғимараттың акт залында ҚО Кали Байжанов атындағы симфониялық оркестр концерті өтті. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының 20-жылдығына арналды. Концерт басында К. Байжанова атындағы бірлестік артисттері, университет мұғалімдері мен студенттердің орындауымен Құрманғазының ұлы күйі «Сарыарка» ойналды. Осылайша ҚарМТУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдауымен өтіп жатқан жастарды патриоттыққа, мәдени-ұлттық даму мен білім беру атты Республикалық акцияға қатысты. ҚарМТУ акт залына акцияға қатысу мақсатында 450 – тарта мұғалімдер мен студенттер жиналды. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының 20-жылдығы қарсаңына арналды.

Наурыз айында 7 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.Осылардың ішінде ең маңыздысы Жалпыуниверситеттік ҚР Елбасын қолдау жастар акциясы 9 наурызда бас ғимараттың акт залында өтті. Акцияға университеттің 500-ден аса студенттері қатысты.

2011 жылдың 5 наурызында сағ:16.00 Халықаралық әйелдер мейрамына арналған мерекелік концерт өтті.Концертке университеттің «Эксклюзив» хореографиялық ансамблі, «Кәусар» дуэті, Щанников Алексей қатысты. Құттықтау композициясымен хор ППС және жұмыскерлер өнер көрсетті. Іс – шара мерекелік жылу мен көңіл-күй аясында өтті.

2011 жылдың 22 наурызында ҚарМТУ қалалық киіз үй көрмесіне қатысты. Концерттік бағдарламада ҚарМТУ үрмелі аспаптар оркестрі, «Эксклюзив» хореографиялық ансамблі, «Кәусар» дуэті, технологиялық колледж әншілері мен бишілері өнер көрсетті.

3 сәуір ҚР кезекті Президент сайлауына қатысты болды. ҚарМТУ студенттері ЖІК – мен, «Жас орда» студенттер және магистранттар профсоюзы, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» бірлесе отырып «Жеңімпаз» акциясына белсене қатысты. Акцияны «Нұр Отан» ХДП мен Қарағанды облысының ІІД және «Жастар» спорткомплексі ұйымдастырды – 4 сәуір 2011 ж.

25 және 26 сәуір Университет қабырғасында «Студенттік көктем – 2011» фестивалі өтті. Фестиваль «Жас орда» студенттер профсоюзімен бірлесе өткізілді.Бұл фестивальда студенттер көрерменге барша талантын келесі номинациялар бойынша көрсете алды:

— конферанс;

— эстрадалы вокал;

— ұлттық әндер;

— авторлық өлеңдер;

— қайталанбас жанр;

— ұлттық хореография;

— заманауи хореография;

— инструменталды музыка.

Фестиваль жеңімпаздарымен Гала-концерт 2011 жылдың 6 мамырында ҚарМТУ акт залында өтті.

2011 жыл 1мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған қалалық салтанатты шеруге қатысу.

2011 жыл 7 мамыр «Политехник» кафесінде Ұлы Жеңістің 66 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысы мен Тыл ардагерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылды және концерттік бағдарлама қойылды. Щанников Алексей (ВТИ), Жараспаев Рашид (ИКТС), Воротилова Мария (ИАС), Ибраева Аида (ВТИ), Имашхан Тлеубек (ИКТС) соғыс жылдарындағы әндерді шырқап өтті.

2011 жыл 17 мамыр – «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты эстафетаның ашылу салтанатына қатысу. Аталмыш шара СҚО мен «Жасыл ел» бастаған еңбек семестрінің ашылу кезеңіне орайластырылды. Эстафетаның ашылу салтанаты Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті.

Мерекелік бағдарламаға орай қойылған концертке студент вокалисттер Жараспаев Рашид (ИКТС), Акишев Адилет (АСИ) пен «Кәусар» дуэті және «Эксклюзив» хореографиялық ансамблі өнер көрсетті.

22 маусым сағ:12.00 ҚарМТУ Бас ғимарат алдында салтанатты митинг өтті. Митинг СҚО «Политех» сарбаздарын Сочи қаласындағы құрылысқа жіберуге дайындау.

Митингіде «Нұр Отан» ХДП, СҚО ардагерлері, мемлекеттік орган қызметкерлері мен университет мұғалімдері мен студенттер қатысты. ҚарМТУ-дың 20 студенті 30 маусымнан 25 тамызға дейін 2014 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының астанасында болады. Олардың әр қайсысымен еңбек шарты жасалады. Оларға тек сәттілік тілей отырып, университетіміздің және де еліміздің еңбек абройын асқақтатады деген ойдамыз.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Балаларды мектепке жинаймыз!» қалалық акциясына қатысты.

2011 жыл 17 тамыз. ҚарМТУ белсенді студенттері мен университет өкілдері мүгедек балаларды мектепке дайындау шарасына қатысты. Аталмыш шараны АҚ «Үміт» ұйымдастырды. ҚарМТУ жастар қоғамдық бірлестігі,ЖІК, «Жас Орда» студенттер профсоюзі мен «Ақниет» Жастар қайырымдылық қоры көмегімен балаларға мектеп құрал-жабдықтары мен 15 ұл және қыз балаларға арналған костьюм, жейде,көйлек сияқты киім-кешек жиналды.

2011 жыл 24 тамыз. ҚарМТУ Студенттік құрылыс отряды Ресейдің олимпиадалық қаласында өткен 2 айлық еңбек практикасынан аман – есен елге оралды. ҚарМТУ бас ғимараты алдында еңбек қозғалысының 20 белсенді студентін салтанатты түрде күтіп алды. Студенттер өз қуанышы мен естеліктерін бөлісті. ИМ студенті Дмитрий Морозов «Біздің тарихи құрылысқа өз үлесімізді қосқанымыз тамаша болды. Біз өз жұмысымыздың нәтижесіне дән ризамыз, жасағымыз қойылған талаптарды орындап қана қоймай, жоспарды асыра жасап отырды. Сондықтан Қарағанды, әсіресе университетіміз бізді мақтан тұтуы әбден орынды!» деп үлкен ризашылықпен айтады.

Без рубрики