20 наурыз – Ұлттық спорт күні.


Қазақ ұлттық ойындары – тек сайыс қана емес, көшпелі тұрмыстың рухын, күш-қайрат пен ептілікті, ақыл-парасат пен бірлік сезімін дамытатын маңызды мәдени құндылық. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, қазақ халқының өмір салтын, тарихын және дәстүрін бейнелейді.

Ұлттық ойындар – бабалардан жалғасқан асыл мұра. Бұл құндылықтар рухани құндылықтарымызды сақтап, дәстүрлерімізді кеңінен насихаттауға үлес қосады.

Наурызнама аясында атап өтілетін Ұлттық спорт күні – осы асыл мұраны жаңғыртып, ұлттық ойындарды дәріптеуге, жастарды салт-дәстүрге баулуға және ел бірлігін нығайтуға ерекше мүмкіндік береді.