20-қазанда Қарағанды техникалық университетінде естелік іс-шара


20-қазанда Қарағанды техникалық университетінде естелік іс-шара – экономика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор, «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының академигі, Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы және ағарту үздігі, Қарағанды техникалық университетінің еңбек сіңірген қызметкері Қаден Бариевич Тоғайбаевқа мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры, т.ғ. д., профессор М.К. Ибатов өз сөзінде: «Оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары және декан, Ақсақалдар Кеңесінің, қазіргі Рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңестің төрағасы ретіндегі жемісті өндірістік және ғылыми-педагогикалық қызметінің 60 жылы ішінде Қаден Бариевич университеттің дамуына, қазақстандық индустрия үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға үлкен үлес қосты. Ол студенттерге патриоттық, еңбек және рухани-адамгершілік тәрбие беру, жас оқытушылардың, кураторлардың кәсіби қалыптасуы үшін көп жұмыс жасады. Қарағанды «Политехінің» бастауында тұрған және мыңдаған инженер-құрылысшыларды, экономистерді даярлауға баға жетпес үлес қосқан ЖОО-ның ең құрметті ардагерлерінің бірі, осы адам туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде қалады!», — деді.

Іс-шараға сондай-ақ профессорлар: Әлімбаев Ә.Ә., Ахметжанов Б.А., Қызыров Қ.Б., Интыков Т.С., Бирюков В.В., Алпысбаева Н.А., Қ.Б. Тоғайбаевтың балалары мен басқа туыстары қатысты.

Бұл іс-шара ЖОО ардагерлерін құрметтеуге бағытталған Университеттің жақсы дәстүрінің жалғасы болып табылады.

Без рубрики