Әлімхан Ермековтың 135 жылдығына арналған Республикалық студенттік ғылыми конференция.


Құрметті студенттер!

2026 жылғы 2-3 сәуір аралығында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Әлімхан Ермековтың 135 жылдығына арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға жастар ғылымының қосқан үлесі» Республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтетінін хабарлайды.

Конференция жұмысына Қазақстанның жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің маңызды нәтижелері бар шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары шақырылады.

Конференцияға қатысу тегін.

Қатысу нысаны: күндізгі, online, сырттай.

Баяндамалардың тезистері, өтінім (қолтаңбасы бар сканерленген нұсқа) және тезистің көшіріп алынбағанын тексеру туралы анықтаманы (түпнұсқалығы кемінде 75%) электрондық түрде conf@ktu.edu.kz  электрондық поштасына 2026 жылғы 10 наурызға дейін жіберуді сұраймыз.

 

Байланыс ақпараты:

Пошталық мекенжай: 100012, Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев данғ., 56. Әбілқас  Сағынов атындағы ҚарТУ (бас корпус, 2 қабат, каб.226).

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: Сулеев Бахтияр Даниярович.

Анықтама телефоны: (8-7212) 56-52-34.

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Без рубрики