Тамыздың 18 -і «Политехник» СҚО жауынгерлері мен Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің әкімшілігімен кездесу өтеді


Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті

Қарағанды қ., Бейбітшілік бульвары 56

E-mail: kargtu@kstu.kz

www.kstu.kz

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Студенттік құрылыс отрядтарының жұмысын қайтадан жандандыру керектігін ескерткен болатын, осы орайда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерінен жасақталған «Политехник» студенттік құрылыс отряды республикадағы алғашқылардың бірі болып құрылған құрылыс отрядтарының бірі.

Өскелең ұрпақты еңбекпен баулып, тәрбие беруде Студенттік құрылыс отрядының алар орны ерекше. «Политехник» СҚО-ның құрылған күнінен бастап республика көлемінде стратегиялық маңызы бар мемлекеттік, жеке меншік нысандарды салуда, күрделі жөндеу жұмыстарын жасауда үлкен жұмыс атқарылды.

Сонымен қатар, «Политехник» СҚО – Қазақстан атынан осымен екінші жыл қатарынан Сочи қаласындағы Олимпиада нысандарын салуға атсалысып жүрген жалғыз Қазақстандық Студенттік құрылыс отряды. Сол дәстүр бойынша биыл да облыс әкімінің жолдамасын алып, Сочи қаласында жұмыс істеп қайтты.

Осыған орай, Сочи қаласынан келе жатқан «Политехник» СҚО мүшелерін қарсы алу, кездесуі ұйымдастырылады.

Өтетін уақыты: 18 тамыз 2012 жыл, сағат 15.45

Өтетін орны: ҚарМТУ, конференц-зал

Без рубрики