«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Жалғыз акционер (Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар) қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 18.03.2025 жылғы №122 бұйрығымен:
— «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі Жәмила Нүсіпжанқызы Нұрманбетованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;
— «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына Рахымжанов Арман Берікұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті директорының орынбасары сайланды;
— Арман Берікұлы Рахымжановтың өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен аяқталады.