15 наурыз – Наурызнаманың онкүндігі аясында атап өтілетін Қайырымдылық күні. Бұл күн қоғамда мейірімділік, жанашырлық және өзара көмек көрсету құндылықтарын насихаттауға бағытталған.
Ізгілік пен мейірім – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Қайырымдылық күні адамдарды игі істер жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға үндейді.
Қыстан аман шығып, көктемге жеткен осы шуақты кезең бауырмалдықты, татулықты және мейірімділікті дәріптейді. Осы игі күні баршаңызға зор денсаулық, амандық және бірлік тілейміз. Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық пен молшылық әкелсін!