12 қазан 2019 ж. «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушысы Ш.М. Теміржанованың ұйымдастыруымен Долинка поселкесіндегі ҚарЛаг музейіне экскурсия жасалды


Экскурсия «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында студент жастарға патриоттық тәрбие беру, туған өлке тарихын тереңірек білу, оқып үйрену мақсатын көздеді.

Экскурсияға  тау-кен, инновациялық технологиялар, машина жасау және энергетика, автоматика, телекоммуникациялар факультеттерінің 1курс студенттері (барлығы 69) қатысты.

Музей ҚарЛаг тарихының ескерткіштерін зерттеу және сақтау және сталиндік саяси қуғын-сүргін саясатының жазықсыз құрбандарына тағзым ету, есте қалдыру мақсатында құрылған.

Музей қызметкері КСРО-дағы 30-жылдарда жүргізілген күштеу саясаты, сталиндік қуғын-сүргін саясаты құрбандарының қасіретті тағдыры туралы айтып берді. Студенттер тұтқындарға арналған камера, комендатура  залдарында болды. Қарлагтың қабырғасында ғылым мен мәдениеттің атақты адамдары А.Н. Чижевский, Н. Сац, Л. Русланова және т.б. жазықсыз отырды. Олар Ұлы Отан соғысы жылдарында фашизмді жеңуге үлкен үлес қосты.

Өлілерге тағзым ету – әлемдегі барлық халыққа тән дәстүр. ҚарМТУ студенттері сонымен қатар 2008 жылы 11 қаңтарда Абай шахтасында болған жарылыс кезінде қаза тапқан шахтерлерге арнап орнатылған мемориалда болып, бір минут үнсіздік жасап, еске түсірді. Осындай іс-шаралар жастарды туған өлке тарихын құрметтеуге тәрбиелейді.

 

 

Без рубрики