Шеберлік сабақтың тақырыбы: «Наурыз- Ұлыстың ұлы күні»

Наурыздың 11 күні КА және ЕҚ кафедрасында «Наурыз- Ұлыстың ұлы күні» атты БЖД-18-1 тобымен ашық сабақ өтті. Сабақты өткізген кафедра ассистентті Акылтаев А.К.. Ашық сабаққа әдіскер Кударинова Г.С, аға куратор Медеубаев Н.А., оқытушы Народхан Д, ассистент Куанышбаев М.Т., ассистент Сакитаева К.К. қатысты.

Студенттер сабақ тақырыбына байланысты киініп, өз орталарында істелетін жұмыстары мен рольдері бөлінді. Сабақ дөңгелек стол түрінде өтті деп айтуға болады. Студенттер екі топқа бөлініп, екі топ өздерін жеке ауыл ретінде таныстырып өнерлерін көрсетті.

Куратордың кіріспе сөзінен кейін тізгінді жүргізуші Капашев Айбек алды. Сабақ барысында күй тартылып, ұлттық ойындардан көрініс көрсетілді. Және де ұлттық тағамдар бойынша екі ауыл арасында сайыс өтті. Сайысқа түскен тағам түрлерін сабаққа қатысушы қонақтар дәм татып, бағасын берді.

Сабақ соңында КА және ЕҚ кафедрасының аға кураторы Медеубаев Н.А сөз алып, сабаққа жоғары баға беріп, қатысушыларға алғыс айтты.

 

Без рубрики