10 қыркүйек күні Қарағанды қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Орталық сайлау комиссиясының іс-шаралары аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Менің сайлау құқығым» атты республикалық диктант өтті.


Диктант қазақ және орыс тілдерінде, қала мектептерінің 500-ге жуық оқушысының-болашақ сайлаушылардың қатысуымен өтті.

Диктанттың негізгі мақсаты-жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау мәдениетін дамыту және олардың азаматтық белсенділігін нығайту.

Іс-шара барысында қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, сайлау құқығы туралы жаңа мәліметтер алды. Диктант жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін нығайтуға, демократиялық құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал етті.

Жастардың белсенділігі – тұрақты даму мен өркендеудің кепілі.

Без рубрики