1 қазан – Халықаралық қарттар күні


Дәстүрлі түрде 1 қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күнінде Қарағанды техникалық университетінің ректораты, декандары, кафедра меңгерушілері, кәсіподақ белсенділері ЖОО ардагерлерін мерекемен құттықтады.

Университет ректоры Ибатов Марат Кенесұлы ЖОО барлық ардагерлеріне көп жылғы адал еңбегі мен ҚарТУ дамытуға, мамандарды даярлау сапасын арттыруға, өзекті ғылыми зерттеулер негізінде инновациялық технологияларды әзірлеу мен өндіріске енгізуге қосқан қомақты үлесі үшін ерекше алғыс білдірді.

Марат Кеңесұлы университет ардагері, Ұлы Отан соғысының ардагері Серафима Григорьевна Пономареваны туған күнімен және мерекесімен шын жүректен құттықтады.

2020 жылдың 3 қазанында Серафима Григорьевна 93 жасқа толды! Бұл аңыз адам, тарихи оқиғалардың тірі куәгері, Ұлы Жеңістің тікелей жасампаздарының бірі!

Құрметті ардагерлер!

Сіздерді жақын адамдарыңыз ықыластары мен қамқорлығына бөлесін, балалар, немерелер мен шөберелер өздерінің жетістіктерімен қуантсын, және Сіздердің күнделікті өмірлеріңізге ешнәрсе көлеңкесін түсірмесін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және амандық тілеймін!

Без рубрики