1-4 курс студенттерімен, топ кураторларымен құқық бұзушылықты алдын алу және оның салдары тақырыбында кездесу


2019 жылдың 24 қазанында ҚарМТУ-дың әлеуметтік-құқықтық даму орталығы Қарағанды қ.Орталық ТП ЖПҚ қызметкерлерімен бірге «Жастар Әлемі» Жастар Сарайында  1-4 курс студенттерімен, кураторлармен Құқық бұзушылықты алдын алу және салдары тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Кездесуге ЖПҚ қызметкерлері қатысты: Қарағанды қ. Орталық ТП ПБ басшысының м.а., полиция майоры Жуматов С.Е., Қарағанды қ. Орталық ТП ПБ басшысының орынбасарының м.а., полиция майоры Мутуаров А.Ж., Қарағанды қ. ЖПҚ БП басшысының орынбасары полиция подполковнигі Макежанов Б.М., ЖПҚ ПД инспекторы Шастабаев Т.Ж, Қарағанды қ. Орталық ТП ПБ ТЖПҚ учаскелік инспекторлары, полиция майоры Таттимбетов А.М., полицияның аға лейтенанты Каузов Е.Т. Студенттерге әкімшілік және қылмыстық кодекс бойынша жиі кездесетін құқық бұзушылықтар туралы айтылды.

Кездесу барысында студенттер қызметкерлерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша белсенді сұрақтар қойды.

 

Без рубрики