«Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында дөңгелек үстел өтті


25 мамыр күні  Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті кітапханасының оқу залында «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы ӘГП және ҚХА кафедрасының доценті Н.А. Қазбеков  болды.

Оған Қарағанды облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» ғылыми-сараптамалық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Малаев Д.Б., ҚарМТУ-дың ТІ жөніндегі проректоры Алпысбаева Н.А., экономика ғылымдарының докторлары, ИЭжМ факультетінің деканы Бирюков В.В., КЭМ кафедрасының  меңгерушісі Ахметжанов Б.А., ИКжМ кафедрасының  меңгерушісі Стеблякова Л.П., профессор Аубакирова Г.М., қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доценттері Хамзина Қ. М., Әбілқасов Ғ. М., доцент, ӘГПжәне ҚХА кафедрасының меңгерушісі   Балшикеев С.Б., магистранттар, студенттер қатысты.  Олар кітапханада арнайы ұйымдастырылған жаңа кітаптар көрмесімен танысып, жаңа кітаптар жайында өз пікірлерін білдірді.

Жалпы, Ұлттық аударма орталығынан жоғарғы оқу орнының кітапхана қорына 17 пән бойынша 1485  жаңа кітап келіп түсті.   Бұл түпнұсқалық ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударылған «Экономикс», «Менеджмент», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі заманғы психологияға кіріспе», «Кәсіпкерлік: теория, үрдіс, тәжірибе», «Әлеуметтану негіздері», «батыс философиясының жаңа тарихы. Антикалық философия. Орта ғасыр философиясы», «Антропологияның тарихы мен  теориясы», «Әлеуметтану теориясы».

Дөңгелек үстел басында студенттер аталған кітаптарды қалай қолдануға болады, электронды нұсқалары бола ма, басқа қандай кітаптар келуі мүмкін деген сұрақтарға жауап алды.

Без рубрики