«Нанотехнология және металлургия» кафедрасының құрылғанына 65 жыл толуына арналған мерекелік кездесу


НТМ кафедрасында 25.10.2019 ж. бас корпустың 308 аудиториясында Шевцов Е.И.атындағы «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының құрылғанына 65 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның бұрынғы қызметкерлері мен түлектері қатысты.
ҚарМТУ-дың бірінші проректоры А.З. Исагулов құттықтау сөз сөйледі, ол барлық қатысушыларды құттықтап, дөңгелек үстел қонақтарына алғысын білдірді. Сонымен қатар университет тарапынан МФ деканы И.И. Ерахтина, НТМ кафедрасының меңгерушісі Б.К. Балбекова және кафедра оқытушылары сөз сөйледі.
«Дөңгелек үстел» барысында талқыланған сұрақтар кафедраның, түлектердің еңбек қызметіндегі және олардың кафедрамен байланыстағы рөлі, Қазақстан мен шектес мемлекеттер үшін металлургия және машина жасау саласында мамандар даярлаудағы кафедраның рөлі, өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың және кафедраның өзара әрекеттестігі, кафедра студенттері мен түлектерінің жұмысқа орналасу және мансаптық өсуі туралы болды.
Іс-шараға кафедра түлектері, жетекшілері болып табылатын ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.
Олардың қатарында «Жастар ресурстық орталығы» КММ өкілі Б.П. Бекмурзаев болды», Теміртау қаласының электр металлургия зауытының директоры А.А. Поветин, Нұр-Сұлтан қаласының вагон жасау зауытының бастығы Д.Бектегулов, «Балхашцветмет» ӨБ РМЗ құю цехы бастығының орынбасары В.Хумархан, «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ Worldskills қозғалысын дамыту департаментінің бас маманы С. М. Татибеков, гуманитарлық-техникалық колледждің құрылтайшысы Б.К. Шаяхметов және

 

Без рубрики