Ғылым

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы


 


2016 жылдың 24 қарашасында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен  «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері  Қанат Тасыбековтің қатысуымен  “Жағдаяттық қазақ тілі” тақырыбында семинар өтті. Семинарға Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары, колледж және мектеп мұғалімдері қатысты. Семинардың басты мақсаты –қазақ тілін оқытуда тәжірибе алмасу.


Thomson Reuters мәліметтер базасына кіретін Life Science журналына  «Sh.Ualikhanov and theories of mythological school in Russian literal study»  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қалыбекова Қаламқас Сағындықованың мақаласы жарияланды.

 

 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бас ғимаратының акт залында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ел қамқоры, ұлт жанашыры Ж.А.Тәшеневтің 100 жылдығына арналған«Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция мақсаты – аса көрнекті мемлекет қайраткерінің елге сіңірген ересен еңбегі, ұлы тұлғаның өмірі мен қоғамдағы алған орны туралы   келелі әңгіме қозғап, оның Елдік туын тұғырынан түсірмей жасаған ерлік істерін үлгі-өнеге етіп, рухани игіліктерді танып білуге, өткен тарихымызды зерделеуге ұмтылдырып, қазақ жастарына патриоттық тәрбие беру.

Жұмабек Тәшенев – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Халқымыздың біртуар ұлының отансүйгіштік, ұлтжандылық, намысшылдық және жүрек жұтқан ерлік үлгісі егемен ел атанып, тәуелсіздік туын желбіреткен тұтастай қазақ еліне, соның ішінде қазіргі қайраткерлер мен санаткерлерге жігер-қуат берері сөзсіз.

Конференцияға:

Т.Қ. Өмірзақов (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы, ҚарМТУ-дың құрметті профессоры);

М.Ж. Байғазин (жазушы, тәшеневтанушы);

Б.Т. Әлімжанов (ақын, әдебиет пен өнер зерттеушісі, драматург, мәдениет қайраткері);

С.Ж. Тәшенев, Ф.С. Тәшенева, Л.Б. Абдушкурова (ұрпақтары);

С.Ж. Дүйсен (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты);

Ғ.М. Қарасаев (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, бөлім бастығы, тарих ғылымдарының докторы, профессор);

М. Алпысбес (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы),

сонымен қатар Қазақстанның қоғамдық ғылым саласындағы танымал ғалымдары мен белгілі саясаткерлері, оқытушылар, магистранттар қатысты.

 

 

Без рубрики