Тарихы


Кафедра жайлы (тарихы)

Кафедра меңгерушісі: профессор, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Когай Г.Д. 

Кафедра меңгерушiсiнің орынбасары: аға оқытушы Лейзер Л.И.

Кафедраның құрылған жылы – 1972 жыл. Кафедра «Ақпараттық және есептеу техникасы» атауымен құрылған (АЕТ). Оның бірінші меңгерушісі т.ғ.к., доцент Аракелов В.Н. болған.

1985ж. – 1989ж. аралығында АЕТ кафедрасын т.ғ.к., доц. И.С. Байтлеуов меңгерген.

1986 ж. кафедра өзінің жаңа атауын алды – «Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер».

1989ж. – 2001ж. аралығында ААЖ кафедрасын т.ғ.к., доц. Г.М. Шишлянников меңгерген.

2001ж. – 2009ж. аралығында кафедраны т.ғ.д., проф. В.В. Яворский меңгерген.

ААЖ кафедрасы 2009 жылы екiге бөлінген: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (ЕТ және БҚЕ) және «Ақпараттық жүйелер» (АЖ) кафедрасы.

ЕТ және БҚЕ кафедрасының меңгерушiсi мiндетiн т.ғ.к., профессор Г.Д. атқарады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер кафедрасы (ААЖ) өлкеде бірінші болып өнеркәсiптiк кәсiпорындар, Қазақстанның жобалық және ғылыми ұйымдары үшін мамандарды әзiрлеуiн бастады.

1969 жылы ақпараттық-есептеуіш техника төңiрегiнде жас ғалымдардың (В.Н. Аракелов, Л.И. Когай, И.С. Байтлеуов, С.Х. Есенбаев) әрекеті бойынша «Процесстерді өңдеу және ақпараттың берілуiн автоматтандыру және механикаландыру» жаңа инжинерлік мамандығы ашылған.

2001 жылдан 30.08.2009 жыл аралығында ААЖ кафедрасын т.ғ.д., профессор В.В.Яворский меңгердi.

Қазіргі кезде кафедраны т.ғ.к., проф. Когай Г. Д., басқарады.

Кафедраның ұжымымы оқу процесіне жаңа технологияларды енгiзуiмен шұғылданады. Оқу қазақ және орыс тiлдерiнде жүргізіледі.

Без рубрики