Тәрбие жұмысы

 

Кафедрадағы тәрбие жұмысы жоғары адамгершілік, рухани және физикалық жағынан сау адамның тәрбиесіне ықпал ететін толыққанды әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау мақсатында білім беру үрдісімен тығыз байланысты.  2018-2019 оқу жылына арналған кураторлық және тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес кураторлық сағаттар апта сайын жүргізіледі және олардың нәтижелері бойынша хаттамалар жасалады.  Кафедрада Университетте жасалынған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев мысалында патриоттық тәрбиенің инновациялық моделі жүзеге асырылуда. Семестр бойы кураторлар кураторлық сағатта келесідей тақырыптарды қарастырады: «Мәңгілік Ел патриоттық актісі, Мәңгілік Ел түсінігіндегі тарихи аспектілер», «Қазақстанның экономикалық стратегиясын дамыту», «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы экологиялық мәселелері»,  «Арал теңізі: Жаһандық экологиялық мәселе»  және т.б.
Түлектердің кәсіби қызмет саласындағы ұлағатты тұлғалармен және партия жұмысының қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады. Студенттер мен магистранттар кафедраның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

Кафедраның 2018-2019 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары

Кураторлық сағат кестесі

Кураторлар тізімі

 

Без рубрики