Кафедра меңгерушісінің түйіндемесі

 

 

 

 

 

 

 

Энергетика, Автоматика және телебайланыс факультеті
Лауазымы: «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының докторы
Ғылыми атақ: профессор
Өмiрбаян:
Ресей Федерациясында туылған. Қазақстан азаматшасы. Еңбектік қызметін РГШО (ТШЖЖ) зауытында ТББ контролері болып бастады. Содан кейін техник-технолог және инженер-технолог (1984-1996г.г.). болып қызмет атқарды. 1991 жылы Қарағанды политехникалық институтының «Тау-кен машиналары мен кешендері» мамандығын тәмамдады. 1997-2000ж.ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті аспирантурасының күндізгі бөлімінде білім алды. Аспирантурадан соң «Электрмен жабдықтау және электртехника» кафедрасында алғашқысында ассистент қызметінде, аға оқытушы, доцент болып жұмыс атқарды. 2008 жылдың мамыр айынан бастап «Электрмен жабдықтау және электртехника» (2008 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра атауы «Энергетика» деп ауыстырылды.) кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2011 жылдың маусымынан Телебайланыс, энергетика және автоматика институтының директоры лауазымына бекітілді.
Еңбектік қызметін атқару жолында Университет Ректоратынан және ғылым және білім қызметкерлерінің кәсіподағының облыстық комитетінен алғыс пен мадақтамалар алды. 2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ЖОО «Үздік оқытушы» грантының иегері.
Жұмыс телефоны: (7212 )56-59-32
Iшкi телефон: 1022
Электрондық поштасы : tatkeeva@mail.ru

Ғылыми еңбектері

Без рубрики