Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылдың 28 ақпанында сағат 10:00-де қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында  Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Өлең – сөздің патшасы» атты студенттердің  республикалық ақындар айтысы өтеді.

Абай Құнанбаев – салмақты сөз, саналы пікір мен сабырлы кең арналы ойдың көсемі. Абай шығармалары бүгінде бізге өшпес қазына, өлмес мұра болып, біздің заманымызға жетіп отыр.

Ақындар айтысының мақсаты – ұлы ақынның бізге жеткен қымбат асыл мұрасын, шығармаларын насихаттау арқылы келешек ұрпақты адамгершілікке, инабаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өткен тарихымызды зерделеу, жастарды  ұлттық әдет-ғұрыптар мен рухани құндылықтарға баулу.

Республикалық ақындар айтысының төрағасы:

  • А.Д. Әлтаев (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология ғылымдарының  докторы, профессор);
  • Республикалық ақындар айтысының қазылар алқасы:
  • Қ.М. Мақсұтов (айтыскер ақын);
  • М.А. Ақанов (айтыскер ақын);
  • С.С. Тоқтамысова (айтыскер ақын);
  • Д.Ж. Қамиев (айтыскер ақын).
  • Республикалық ақындар айтысына қатысатын ақындар тізімі:
  • Мұхит Бабақұл (Қазақ ұлттық өнер университеті);
  • Ақбота Манарбекова (Қазақ ұлттық өнер университеті);
  • Мұхтар Тілегенұлы (Қазақ ұлттық өнер университеті);
  • Мизан Жұмали (Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті);
  • Жақсылық Апуажанов (Қайнар академиясы);
  • Айбар Рагатов (Қазақ ұлттық өнер университеті);
  • Бекболат Еркеғали (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті);
  • Бекарыс Оспанов (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті);
  • Доскей Ботпай (Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті);
  • Жандос Бақытұлы (Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті);
  • Базарбек Нұржанат (М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті);
  • Риспанбетов Кайрат Канатович (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті);
  • Байментаев Ерасыл (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті);
  • Орынбасар Бексұлтан Ақылбекұлы (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті);
  • Бейісхан Хабдолла (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті).

 

Іс – шара  туралы қосымша мәліметті төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Қарағанды қ., Н.Ә. Назарбаев даңғылы., 56

Тел.: 56-59-32 (1123), 87013958542 Калыбекова Каламкас Сагындыковна

E-mail: ktmk.karmtu@gmail.com

Без рубрики