Ресей университеттерінде 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға құжаттарды қабылдау басталды


Құрметті студенттер және магистранттар!

Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріне Ресей университеттеріне (Ұлы Петр Санкт-Петербург  политехникалық университеті, Томск политехникалық университеті,  Томск мемлекеттік сәулет – құрылыс университеті, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті)   оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.

Өтініш берушілер 15.11.2019 ж. дейін 241 кеңсесіне (бас ғимарат) хабарласуы керек.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • GPA – 3.0 және одан жоғары
  • Орыс тілін білу
  • Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті

Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:  

Ұлы Петр Санкт-Петербург  политехникалық университеті — https://www.spbstu.ru/applicants/admission-of-foreign-citizens/

Томск мемлекеттік сәулет – құрылыс университеті — https://moeobrazovanie.ru/tgasu/?specs

Томск политехникалық университеті  — https://tpu.ru/university/structure/schools-and-institute

Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті — https://moeobrazovanie.ru/ugntu/?specs

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. жеке оқу жоспары;
  3. транскрипт;
  4. жеке куәліктің көшірмесі;
  5. скоросшиватель;
  6. сурет 3*4 – 3 дана;
  7. мектеп аттестатының көшірмесі;
  8. файлдар – 5 дана
  9. студенттің/магистранттың өтінішінің нысаны

 

Без рубрики