Ұстаз, ғалым, спортшы — параолимпиада құрамасының мүшесі

19 қараша 2019 жылы ҚарМТУ ректоры, профессор, техника ғылымдарының докторы, ҚазҰЖҒА және ҚР Ұлттық инженерлік академиясы академигі Марат Кенесұлы Ибатов PhD докторы, «Байланыс жүйелерінің технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлының №1 оқу ғимаратының 118 аудиториясында өткен дәрісіне қатысты. Студенттермен әңгімелесу барысында, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының ерекшеліктері мен беделі туралы хабардар етті, оқыту сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтты. Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлын жүзуден өткен облыстық жарыстардағы жүлдемен құттықтады, алдағы шетелдік жарыстарғада сәттілік тілеп, оған бейсбол қалпақшасын, политехника брендін насихаттау мақсатында ҚарМТУ логотипі бар футболка сыйлады

Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы – шыныменде ерекше тұлға!

Студенттер сабағын жібермейтін тамаша оқытушы. 50-ден астам ғылыми жұмыстың, 4 монографияның, 5 патенттің авторы. Scopus және WofS халықаралық мәліметтер базасына енген шетелдік журналдарда, 10-нан астам мақалалары жарияланған. Әрине, ҚарМТУ оқытушыларының көпшілігін осылай сипаттауға болады, бірақ Тансауле Ғабдыманапұлы ерекше тұлға, мақсатты мінезді, жоғары жігерлі. Қарағанды облысының жүзу паралимпиялық құрамасының мүшесі (екі аяғы жоқ — бірінші топтағы мүгедек, Қарағанды облысы чемпионатының екінші орын иегері). Жақын арада университет есебінен ол жарыстарға барады – мүгедек жүзушілер арасындағы Ресей Паралимпиада чемпионатына. Болашақта жүзудің әлемдік паралимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отыр. Сәттілік тілейміз!

 

 

 

 

Без рубрики