ЕЛБАСЫНЫҢ ТЕЗІРЕК САУЫҒЫП КЕТУІН ТІЛЕЙМІЗ

Сіз инженерлік білім негіздерін алған ЖОО – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылар, қызметкерлер, докторанттар, магистранттар мен студенттерінің сан мыңдаған ұжымы шын жүректен, Сіздің, аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, тезірек сауығып кетуіңізді тілейді!
Сіздің мұқалмас ерік-жігеріңіз, күшті мінезіңіз, өмірлік шынығуыңыз бен оптимистілігіңіз осы қиын сын-қатерді тез жеңеді деп сенеміз!
Қазақстанның барша халқы қазір, біз сияқты, Сізді – біздің Көшбасшымызды өте ыстық қолдап отырғанына сенімдіміз!
Шын жүректен Сізге зор денсаулық тілейміз және де, Сіз, әдеттегідей, бұл сынақтан да Жеңімпаз болып шығатыныңызға сенімдіміз!

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Ибатов М.К.

Без рубрики