Президент Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы үндеуі


Бүгін, қыркүйектің 2-ші жұлдызында Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің студенттері мен оқытушылар ұжымы Қасым-
Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен
отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жариялаған
Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Президент өз сөзінде Жолдауда көрсетілген міндеттердің өзінің сайлау
алдындағы бағдарламасының негізі екендігін ескертіп өтті.
Дәстүр бойынша, Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік
институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік
қамсыздандыру мәселелері қамтылды. Маңызды міндет ретінде мемлекет
басшысы ашық қоғам құру мақсатында халықпен байланысты жақсартуды
атап өтті. Ол: «Қоғамдық диалог, ашық орта, тұрғындардың
мұқтаждықтарына лезде жауап беру мемлекеттік органдардың алғашқы
басымдықтары болып табылады». Мемлекеттік органдардың жабықтығы
мен шенеуніктердің адамдардың талап-тілектеріне тас керең болуы
мемлекеттің халық алдындағы абыройын төмендетуде. «Дәл осы үшін
ротациялық, ауыспалы жүйеде қызмет ететін Қоғамдық сенім Ұлттық Кеңесі
құрылмақ»,- деді.
Сондай-ақ Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы амал-әрекеттерді
күшейту, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, әсіресе, сот
шешімдерін гуманизациялау үдерісінден, олардың жазалаушы рөлін
арттыруға көшу, полиция қызметкерлерінің мәртбесін көтеру қажеттігі
айтылды.
Парламент және үкіметке есірткі тасымалы, педофилия, зорлық-
зомбылық көрсету сияқты тұлғаға бағытталған ауыр қылмыстарға қатысты
қылмыстық жазаларды қатайту тапсырмалары берілді. Отбасы институтына
қолдау көрсету, инклюзивті қоғам құру, қажеттіліктері жоғары азаматтарына
өзге қоғам мүшелерімен тең мүмкіндіктер беру мәселелеріне аса назар аудару
керектігі ескертілді.
Жоғары білім беру саласына қатысты Президент диплом сатқаннан
басқамен айналыспайтын жоғары оқу орындарын қысқартып, сапалы білім
беруге бағытталған және бәсекеге қабілетті оқу орындарына басымдық
беруді міндеттеді.

 

Без рубрики