Тау-кен факультетінің магистранттары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне Германияның Фрайберг техникалық университетінде оқуға құжаттарды қабылдау басталды

 

Құрметті магистранттар!

Сіздерге тау-кен факультетінің магистранттары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне Германияның Фрайберг техникалық университетінде оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз. Бағдарлама Erasmus + аясында жүзеге асырылады.

Өтініш берушілер 10.04.2019 ж. дейін 241 кеңсесіне (бас ғимарат) хабарласуы керек.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

• B2 деңгейінде ағылшын тілін меңгерген;
• GPA – 3.0 және одан жоғары.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
  2. жеке оқу жоспары;
  3. транскрипт;
  4. жеке куәліктің көшірмесі;
  5. скоросшиватель;
  6. сурет 3*4 – 3 дана;
  7. мектеп аттестатының көшірмесі;
  8. файлдар – 5 дана

 

Без рубрики