Дөңгелек үстел туралы есеп «ҚР діни экстремизм және діни ұйымдар туралы заңы»

Өткізілген күні: 17сәуір 2019                             Уақыт: 9:55-10:55

Өткізілу орны: ғимарат / ауди.: Бас корпус, 102 кабинет.

Қатысушылар:  Мет-16-2 тобының студенттері. Қуат Айым, Серіктай Нұрайлым, Кульчикаева Айжан, Өмірбек Алтынай, Жалғасбаев Бекзат, Ибраева Бибігул, Амандық Алтынбек, Ержан Әсем, Қожамбергенов Асылхан, Нұрым Жайна, Мұратов Орынбасар, Қасымбаева Сабина, Сағат Едіге, Тілеухан Даурен, Утепберген Темирлан, Шалғымбай Нұрсултан.

Студенттердің қамтуы: 16 адам.

Талдамалық сілтеме: Дөңгелек үстел  «ҚР діни экстремизм және діни ұйымдар туралы заңы» тақырыбы аясында өтті.

Жеткен жетістіктер: Топ студенттеріне анық және нақты мәліметтер берілді. Қорытындылай келе топ студенттері қорытынды шығарды. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек деген оймен дөңгелек үстел аяқталды.

 

Без рубрики