Әдеп бойынша кеңес

Есеп

11. 2017 ж. ҚМТУ студенттік конференцияны өткізді, тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі».

Конференцияның мақсаттары мен міндеттері квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік мүлікті басқару, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Студенттік конференция жұмысының барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қарағанды облысы департаменті бойынша Қасымова Фарида Аманкуловна, сондай-ақ жастар саясаты Департаментінің Директоры Бузяков Рустам Равильевич сөз сөйлеген болатын.

Сондай-ақ, студенттер өздерінің баяндамалары:

  1. БТ-15-5 тобының студенті Жандильдина Маржан, баяндама тақырыбы: Жемқорлыққа қарсы тұру – әр азаматтың міндеті.
  2. БТ-15-5 тобының студенті Сайдуллаева Алия, баяндама тақырыбы: Үкіметтік емес ұйымдардың рөлі және бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты.
  3. ХТОВ-15-2 тобының студенті Жанжуман Адель, баяндама тақырыбы: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруы.
  4. БТ-15-2 тобының студенті Мұханбеткәрім Айғаным, баяндама тақырыбы: 2050 стратегиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың идеологиялық негізі ретінде.
  5. БТ-15-2 тобының студенті Айнұр Ерденқызы, баяндама тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: жаңа шаралары.
  6. БТ-15-2 тобының студенті Куликов Гаухар баяндама тақырыбы: Жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін ерекшеліктері.
  7. БТ-15-2 тобының студенті Төрехан Айнур, баяндама тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар.
  8. Мет-15-4 тобының студенті Такишева. М., Харгинен, Аллаяров Р., баяндама тақырыбы: Жемқорлыққа жол жоқ.
  9. Мет-15-4 тобының студенті Мажитова Д, Ахметова Д., баяндама тақырыбы:Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз.
  10. СТ-15-2қ тобының студенті Амренов А. Б., баяндама тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.

Конференция соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, ұсыныстармен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін және әлеуметтік-мәдени функциялар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

2017 жылдың 8 – қазанында «Серпіндестер Ордасы» жатақханасында Сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат беру және құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында «Серпін» ОО жетекшісі Ш.А. Жетпісбайдың, ТТ-15-1 тобының кураторы С.Ж. Кенесовтың,  «Серпін» ОО А.О. Серікованың қатысуымен, «Серпін» бағдарламасы студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында қозғалған мәселелер:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтары;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттері;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» деген түсініктің мән-мағынасын ашу.

 

2016 жылдың 16  қазаны күні Қарағанды техникалық университетінің Акт залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының  бас маманы М.А. Қарғабай және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның Қарағанды облысы бойынша департаменті штабының офицері А.Т. Медеубаев ЖОО студенттері, магистранттарымен және педагогтерімен кездесу өткізді.

Басқосуда алғашқы сөзді Университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Н.А. Алпысбаева алып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»  жайлы айтып, аталмыш құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына, оның қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының бас маманы М.А. Қарғабай бүгінгі ақпараттық-түсіндірме шарасының  мақсаты жастар ортасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікір қалыптастыру екендігін айта отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруде жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа деген  төзімсіздікті насихаттау қажет деді. Ол үшін, ең алдымен, бұқара халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізумен қатар, тұрғындардың  жас және кәсіби ерекшеліктерін ескеру қажеттігін атап өтті бас маман.

Сондай-ақ М.А. Қарғабай: «ҚР мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қарағанды облысы бойынша департаментінің жұмысының бір саласы да азаматтар арасында жемқорлыққа қарсы түсінік қалыптастыру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу,  жастар арасында қазақстандық патриотизмді ерте жастан бастап қалыптастыру бағытында іс-шаралар ұйымдастыру» — дей отыра, — «Мұндағы көздейтініміз – жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруды жалғастыру болмақ» — деді.

Департамент өкілдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»  құжатының негізгі бөлімдеріне тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында қатысушылар тақырыпқа байланысты бейнебаяндарды көріп, тамашалады. Сыбайлас жемқорлықтың заң тұрғыдан берілетін жазасы жайлы мәліметтерден хабардар болды.

ҚарМТУ-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау және студент жастарды тәрбиелеу бойынша шаралар кешені құрылып, сәтті жүзеге асырылуда

Нәтижесінде профессорлық оқытушылық құрам, қызметкерлер мен білім алушылардың санасында жоғары ұжымдық мәдениетке, өндірістік тәртіпке, жұмыстағы жетістіктер жедел түрде аталып, марапатталатын, ал еңбек тәртібі, Университет Жарғысы мен Ар кодексі бұзылуы- сәйкес жазаға әкеліп соқтыратын тазалық қағидалары мен оқу үдерісіндегі жариялылыққа негізделген «нөлдік шыдамдылық» қалыптасады. Барлық жағдайларда құқық бұзушылық туралы жемқорлыққа қарсы күресте өз азаматтығын танытқан студенттер ақпарат берді.

Әділ шешім қабылдау үшін және алдын алу- тәрбиелеу мақсаттарында, сонымен қатар жемқорлық туралы ақпаратты қарастырудың тазалығы үшін комиссия отырысына студенттердің ата-аналары, «Жас Орда» студенттер кәсіподағының өкілдері, құқық бұзушылық куәгерлері шақырылады. Комиссия төрағасы және мүшелері барлық пікірлерді есепке алады.

заседание

Тиімді жұмыс жасау үшін Комиссия техникалық қамтамасыз етілген- компьютерлер, принтерлер, видеокамералар және диктофондар. Жемқорлық мәселелерін қарастыруда жариялылық маңызды рөл атқарады: комиссияның барлық отырыстары аудио және видео жазбаларға тіркеледі. Әр оқу ғимаратында комиссия отырыстары көрсетілетін үлкен мониторлар орнатылған. Қабылданған шешімдердің әділ екендігін Қоғамдық тәртіптік комиссияның 8 жылдағы жұмысына ешкімнің шағымданбағаны, сотта қайта қаралмағаны дәлел.

Без имени

Сенім телефоны 49-28-32

Барлық сұрақтар бойынша  ҚарМТУ, 2 ғимарат,  № 303 б.,  № 307 б. хабарласыңыз.

Без рубрики