Нұрмұхамедов Ю.К.


Нұрмұхамедов Ю.К. 1907 жылы Семей облысында дүниеге келді, 1934 жылы Днепропетровск тау-кен институтын бітірген тау-кен инженер казақтардың алғашқыларының бірі болды. Днепропетровск тау-кен институтын бітірген соң, Мәскеу тау-кен институтында ассистент, оқытушы болып жұмыс істеді.

1946 жылы Мәскеу тау-кен институтындағы аспирантураны бітірді. Кандидаттық жұмысты қорғап, МТИ-да доцент болып жұмыс істеуді жалғастырды. 1953 жылы Нұрмұхамедов Ю.К. Қарағанды тау-кен институтын басқаруға (қазіргі ҚарМТУ) Қарағандыға барады.

Пайдалы қазбалар кенм орындарын дамыту саласында маман болған ректор Нұрмұхамедов Ю.К.-т.ғ.к., доцент (0,5 жүктеме) оқыту жұмысын ҚТИ-да ПҚКҚ кафедрасында қоса атқарады.

Нұрмұхамедов Ю.К. ғылыми жұмыспен айналысқан. Ол тау-кен ісі бойынша 14 ғылыми жұмыстың авторы.

Ол мадақтау қағаздары мен төрт медальмен марапатталған:

— «1941-1945 жж. ҰОС-та айбынды еңбек үшін»
-« 1941-1945 жж.Мәскеу қаласын қорғағаны үшін»
-«Мәскеу қаласының 800-жылдық естелігіне»
-«Үздік еңбек үшін».

1955 жылы, мамыр айының  21-і Нұрмұхамедов Ю.К. ҚТИ ректор (директор) қызметінен босатылды.

1958 жылы мамыр айының 16-сы Нұрмұхамедов Қарағанды тау-кен институтында ПҚКҚ кафедрасында оқыту жұмысын қалдырып, Мәскеу тау-кен институтына қайта оралады, себебі оның докторлық жұмысы аяқталуға жақын болды. Мәскеуде қалған соң, ол институтпен байланыс үзбеді.

 

 

Без рубрики