«Ақниет» қайырымдылық қоры

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚарМТУ жанынан құрылған «Ақниет» қайырымдылық қорының бастамасымен көп балалы, әлеуметтік жағдайлары төмен, асыраушысынан айрылған отбасы балаларына мерекелік сый-сияпаттартапсырылған игі іс болып өтті. Аталған шараға «ҚарМТУ Инновациялық технологиялар колледжі» ұстаздары мен студенттері белсене ат салысып, қолдарынан келген көмегін аямады. Әрине, мұндай қайырымдылық шарасының ұйымдастырылатыны туралы алдын-ала хабардар да болған едік. Балалар Аяз Атаға хат жолдап, өздерінің қажеттіліктерін жазған. Сол хат негізінде колледж директоры Нұрбибі Әбсадыққызы бастаған білім ордасының ұжымы балаларға сый-сияпат алып, Аяз Ата мен Ақшақар болып киінген азаматтар бес бірдей отбасының үйін аралады. Кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етіп, келешек ұрпақтың алғысына бөленді. Өз кезегінде кішкентай ғана Әнел есімді қыз «Енді анамды ренжітпеймін, тыңдап жүремін» деп лебіз білдіріп, ұйымдастырушыларға зор алғысын жеткізді.

Без рубрики