Венгрияда тегін білім алу!


Венгрияның жоғары оқу орындарына қазақстандық азаматтарға 250 білім гранты бөлінді

vengriya

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының адам ресурстарын қорғау министрлігі арасындағы 2013 жылдың 19 қарашасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2019-2020 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.

Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген:

– Бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар)

– 90 орындық магистратура бағдарламасы бойынша (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)

– бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)

– Докторлық бағдарлама 20 орын (барлық бағытта)

Осы гранттар бойынша ақпарат  төмендегі  сілтемеде:

 http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme

Мамандықтардың тізімін  «Annex посмотреть здесь.  осы жерден  көре аласыз.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • тегін оқу;
  • бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия – 130 евро, докторантура – 450-580 еуро;
  • жатақханада тұру (немесе айына 130 евро мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді төлеу);
  • медициналық сақтандыру.

ЕСКЕРТУ!!! Қалған шығындар грант иегерлері тарапынан төленеді.

Өтініштер 2001 жылдың 31 тамызынан кейін туылған, «Хореография» мамандығына өтініштерді қоспағанда, өтініш берушілерден қабылданбайды.

Венгр веб-сайтында онлайн тәртібінде тіркелу мерзімі – 15 қаңтарға дейін және толық құжаттар пакетін 2019 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылдайды.

28 ақпаннан 2019 жылдың мамыр айына дейін іріктеуді Венгриянын тарапынан өткізеді.

Құжаттарды онлайн және қолма-қол жеткізу қажет.

1.Online өтініш беру

2.Құжаттарды қолма-қол тапсыру

Сонымен қатар, Erasmus + International несие мобильділігі бағдарламасының мүмкіндігі туралы хабардар етеміз. Тұсаукесерде толық ақпарат бар.

Erasmus + International Credit Mobility

Без рубрики