МАШАВ курстары


Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Израиль Сыртқы істер министрлігінің жанындағы «МАШАВ» Израиль халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінің 2018 жылдың 25 қарашасынан 14 желтоқсанына дейін Израильде (Иерусалим қ.) ағылшын тілінде «XXI ғасырдың  жаңа педагогикасы — жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін» тақырыбында халықаралық оқу курсын өткізетінін хабарлайды.

Аталған курс қызметкерлерге, басшыларға және білім саласындағы мамандарға арналған.Конкурсқа қатысу үшін тиісті жоғары білімнің, тиісті саладағы кәсіби еңбек өтілінің болуы және ағылшын тілін жоғары деңгейде білу қажет.

«МАШАВ» бағдарламасы қатысушылардың оқу төлемін, тұру, тамақтану, курстан өту уақытында сақтандыру, жұмыс экскурсиясы және аэропортқа(тан) бару/келу шығындарын төлейді. Ұшақпен Израильге дейін және кері қарай ұшу ақысын қатысушылардың өздері немесе демеушілік көрсететін тарап төлейді.

МАШАВ курстары

Қатысу туралы өтініш беру шарттары:

  1. Толтырылған сауалнама (компьютерде, таңдалған курс бойынша орыс немесе ағылшын тілде) фотосуреті бар, қол қойылған декларацияда (6-ші бет сауалнама), толтырылған және қолмен қол қойылған медициналық құжат (7-8 беттерде сауалнама);
  2. АҚТҚ антиденелерінің сынағы туралы медициналық анықтама;
  3. Төлқұжат көшірмесі (фотосурет бар бет);
  4. Білім туралы дипломның (қосымшасыз) және курс пәніне сәйкес келетін сертификаттардың көшірмесі (егер курс ағылшын тілінде оқыса, нотариустың рәсімделуі қажет емес);
  5. 2 ұсыныс хат фирмалық бланкте мөрмен және қолымен бекітілген (сауалнамада көрсетілген тұлғанын атынан) ағылшын тілінде, егер Сіз таңдаған курс ағылшын тілінде болса);
  6. Тілдің деңгейін растайтын куәліктің көшірмесі Upper Intermediate деңгейден төмен емес (егер сертификат жоқ болса, ағылшын тілінде сұхбат алу арқылы расталады).

Толық құжаттарды тапсырғаннан кейін, Елшілік қызметкерімен сұхбат ұйымдастырылады (бейне қоңырау арқылы). Бұл талаптардың орыс тіліндегі курстарға қатысы жоқ.

Қатысушы кандидаттардың жасы 25 жастан 55 жасқа дейін болуы тиіс. Бұл талап қатаң сақталады.

Сондай-ақ, қатысуға өтінімдер төмендегі жағдайларда қаралмайтындығына назар аударамыз:

  1. Сауалнаманың барлық бағандары толтырылмағанда;
  2. АҚТҚ-ға антиденелерді сынау туралы медициналық анықтама немесе медициналық қорытынды жоқ болса;
  3. Құжаттардың толық емес пакеті немесе олардың осы жерде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;
  4. Барлық құжаттар түсті сурет ретінде (Word немесе PDF форматында) сканерленіп, бір хабармен, бір файлмен электрондық поштаға жіберілуге тиіс. Кіріс хабарламаларға назар аударыңыз! Мәлеметттің көлемі 5 МБ аспауы керек !!!

Назар аударыңыз, Израильге бару үшін паспорттың жарамдылық мерзімі оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде 6 ай бұрын болуы керек.

«МАШАВ» бағдарламасы қатысушылардың оқу төлемін, тұру, тамақтану, курстан өту уақытында сақтандыру, жұмыс экскурсиясы және аэропортқа(тан) бару/келу шығындарын төлейді.Ұшақпен Израильге дейін және кері қарай ұшу ақысын қатысушылардың өздері немесе демеушілік көрсететін тарап төлейді.

Іріктеу нәтижесі бағдарламаға қатысуға қабылданатын үміткерлердің электрондық поштасына курстың басталуына дейінгі 20-25 күн бұрын жарияланады.

2018 жылы ағылшын тіліндегі МАШАВ курстары:

  1. Agroecological approaches for sustainable intensive agriculture (deadline — until 20.08.2018)
  1. Feeding the future: food safety and technology in times of global change (deadline-before 06.08.2018) 
  1. Seminar «Critical role of the judiciary in combating human trafficking» (deadline — before 02.08.2018)
  1. Agricultural engineering technologies (deadline-before 04.08.2018)
  1. Innovations in women’s health (deadline-before 14.08.2018)
  1. Innovative entrepreneurship: from an idea to starting a business (deadline-before 01.08.2018)
  1. Urban water technologies and management( deadline-before 22.08.2018)
  1. Renewable energy as a catalyst for regional development (deadline — before 28.08.2018)
  1. Innovation and entrepreneurship in the education system (deadline- before 23.08.2018)
  1. New pedagogies in the 21st century-for higher education (deadline-before 24.08.2018)
  1. Intensive fish farming (deadline-before 09.10.2018)

2018 жылы орыс тіліндегі МАШАВ курстары:

1.Поддержка женского предпринимательства посредством информационно-коммуникационных технологий (крайний срок подачи заявления — до 19.06.2018г.) 

2.Полиция и общество (крайний срок подачи заявления — до 18.06.2018г.)

3.Agroecological approaches for sustainable intensive agriculture (deadline — until 20.08.2018)

Сауалнама қатысуға өтінімдерді беру төмендегі сілтемелер бойынша көшіре аласыз:

Анкета на русском языке

Application form in English

Байланыстар:

Қазақстандағы МАШАВ бағдарламасы:

Тел:  +7 (7172) 703 412

Факс: +7(7172) 688 735

e-mail: mashav@astana.mfa.gov.il

Без рубрики