Білім беру бағдарламалары


Мамандығы 5B071600 – «Аспап жасау»

 

Академиялық дәрежесі –  аспап жасау  бакалавры

Кредиттердін жалпы саны – 191

Оқыту деңгейлері: 5В071600 – бакалавр,   6М071600 – магистр

Бағдарламаға қабылдау талаптары: бакалавр үшін– БТЖ тапсыру; магистр үшін – түсу емтиханы

Қорытынды емтихан: бакалавр – 8 семестр, дипломдық жұмыстарын қорғауға 1 ай қалғанда; магистр – 4 семестр, Магистрлік жұмыстарын қорғауға 1 ай қалғанда.

 


5В071600 –  Аспап жасау  мамандығы бойынша бакалавр дайындауға білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаттары:

Жалпы білімдік пәндер циклінің мақсаттары (ЖБП)-қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдарын білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімін, Қазақстан тарихын, осы заманғы ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тіл, шет тілін және ұлтаралық тілдің құралы ретінде орыс тілін білүді қамтамасыз ету; түлекті патриоттық, Қазақстан республикасының халықтар достығы рухында, мәдени салттар мен дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; түлектің адами және әлеуметтік-тұлға ретіндегі құндылығын қалыптастыру; түлектіңэкологиялық, физикалық, этикалық, құқықтық мәдениетін, ойлау мәдениетін қалыптастыру; түлекті тілді меңгеруге даярлау;

Базалық пәндер циклының мақсаттары (БП)-кәсіби білімнің іргетасы ретінде табиғи-ғылыми, жалпытехникалық және экономикалық білімдерді терең меңгеруді қамтамасыз ету; түлекте, кәсіптік білімді меңгеру үшін, қажетті негізгі білім қорын қалыптастыру;

Кәсіптендіру пәндері циклының мақсаттары (КП)-кәсіби қызмет өрісінің терең теориялық білімін және машықтану дағдыларын қамтамасыз ету; түлекте, кәсіби қызметінде іске асыру үшін, қажетті теориялық, тәжірибелік білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыру; маманды даярлаудың сапасын көтеру; халықаралық білім беру кеңістігінде, жоғары білім туралы құжаттарды конвертациялауда Қазақстан Республикасының теңқұқылы қатысуын қамтамасыз ету.

 


5В071600 –  Аспап жасау мамандығында дайындық келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

«Ақараттық – өлшеуіш техникасы және технологиясы» (басты назар мамандарды өлшеуіш құрылғыларды, өлшеуіш құралдарды және күрделі жүйелер мен өлшеуіш кешендерін конструкциялау аймақ-тарында дайындауға, автоматты бақылауға, диагностиканы, қазіргі заманғы өлшеуіш құралдарында және өлшеуіш аспаптар мен жүйелердегі микропроцссорлық техникада қол-данылатын бейнелерді тану, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге аударылады )

«Аспап жасау» (басты назар өлшеуіш құралдарын метро-логиялық қамтамасыз етуге, өлшеу, зерттеу, бақылау құралдарындағы стан-дарттарды және нормативті құжаттарды талдауға, эталондық базаны дамыту және қолдануға, техникалық реттеу сұрақтарына және анықталмағандық теориясына аударылады)

Берілген мамандық бойынша бітіріп шыққан түлектер келесі салаларда қызмет ете алады:

  • Бақылау-өлшеуіш аппараттары мен бөлімдерінде және өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар автоматикасында;
  • Газ және мұнай өндіру, өңдеу, тасымалдау мекемелерінде;
  • Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу бойынша зауттарда, фабрикаларда, шахталарда және т.б. мекемелерде;
  • Ғылыми және жобалау- құрастыру мекемелерінде, өндірістік мекемелердің және ұйымдардың бөлімшелерінде;
  • Мемлекеттік және ведомстволық метрологиялық қызмет мекемелерінде;
  • Стандарттау және сертификациялау аймақтарында заңдарды сақтаумен қамтамасыз ететін қызметтерде;
  • Жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету бойынша мамандар талап етілетін мемлекеттік немесе коммерциялық кез-келген кәсіпорындарда, ұйымдарда

 

ӨЛШЕУІШ ТЕХНИКА

Өлшеуіш техника, зерттелетін объектінің қасиетін және жағдайын (мысалы, табиғат құбылыстарын немесе күрделі технологоиялық процестерді) сипаттайтын шамалар туралы ақпараттарды тәжірибелі жолмен алуға арналған әдістер мен құралдарды дайындаумен және құрумен айналысатын ғылымның және техниканың саласы.

Бұл сала есептеу техникасынан және ақпараттық технологиялардан кейін аса қарқынды дамып келе жатқан аймақ болып саналады.

Онда қаисеттерін біршама жақсарту мүмкіндігін беретін электрониканың және микропроцессорлық техниканың мынадай жаңа жетістіктері алғаш рет қолданылған:

Қазіргі заманғы ақпараттық-өлшеуіш жүйелері – бақыланатын объектінің (адамның, атмосфераның, технологиялық процестің, машиналардың, приборлардың және т.с.с) жағдайы туралы өлшеуіш ақпаратты автоматты түрде жинауды, алуды және өңдеуді қамтамасыз ететін өлшеуші приборлар мен құрылғылар жиынтығы.

Интеллектуалды функцияларға ие электрониканың және есептеуші техниканың жаңа құралдары негізінде жасалған жаңа заманғы приборлар.

Бұзылғанын автоматты түрде анықтау мүмкіндігін беретін және оларды болдырмау туралы нұсқауларды әзірлейтін диагностикалық жүйелер.

Өнімнің жоғарғы сапасын және т.б. қамтамасыз ететін автоматты бақылаушы жүйелер.

 

МЕТРОЛОГИЯ ( metron мера және …логия грек сөзінен шыққан.), талап етілетін дәлдік және олардың бірлігіне жету әдістері, өлшеу туралы ғылым.

Бітіруші түлектердің шеше білетін негізгі мәселелері:

Өлшеу дәлдігін жоғарлату үшін жаңа әдістерді және өлшеу құралдарын әзірлеу

Өлшеу бірлігінің негізімен және өлшеу аспаптарының біркелгілігімен қамтамасыз ету (заңдамалық метрология)

Эталондарды, үлгілік және прецизионды өлшеу аспаптарын әзірлеу.

Өлшемді поверкалау және жұмыстық өлшеу аспаптарын қамтамасыз ету

Жаңа аспаптар және жүйелер үшін нормативті құжаттарды әзірлеу.

Берілген мәселені шешу үшін бітірушілерге өз практикаларында келесі сұрақтарды қолдана алуына септігін тигізетін, берілген пәнді тереңдетіп меңгерулері қажет:

Стандартизация, метрология және сертификация негіздері;

Сапаны басқару және бақылау;

Сапаны басқару аймағындағы экономика и менеджмент;

Электроника, микропроцессорлік техника және ақпараттық технология;

Күрделі бағдарламалық кешендерді құру және бағдарламалау;

Прецизионды өлшеу қондырғысын және жүйелерді жобалау;

Өлшеу құралдары және әдістері;

Автоматтандырылған жобалау жүйелері

Болашақ маманды метрология аймағында жан-жақты дайындау ісімен қамтамасыз ететін, басқа фундаментальды және қолданбалы пәндер

Бұл мамандық электрониканы, микропроцессорлық техниканы және бағдаралмалауды меңгерген қазіргі инженердің мамандығы


 

Бітіруші түлектер істей білу қажет:

  • Ғылыми зерттеулерді жүргізе
  • Жаңа өлшеу құралдарын әзірлей
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлей

Ғылыми зерттеулерді, өндірістік кәсіпорынын және адам қызыметінің басқа да аймақтарын қазіргі заманғы ақпараттық және техникалық құралдрмен қамтамасыз етуді дамыту және жүзеге асыру ісін ұйымдастыра

Без рубрики