Мамандықтар

«Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» кафедрасы: «Әлеуметтік-мәдени сервис» және «Маркетинг» мамандықтарын шығарушы кафедра. Сонымен қатар кафедра оқытушылары бакалавриаттың техникалық мамандарды экономикалық пәндер бойынша дайындық жүргізеді.

Студенттер практиканы үлкен әлеуметтік-мәдени мекемелерде, риэлторлық компанияларда, консалтингттық фирмаларда, салық инспекцияларда, коммерциялық банктерде, өндірістік өнеркәсіптерде,түрлі кәсіпорындарда өтеді.

 

5B050904 «Әлеуметтік-мәдени сервис» – бұл мамандық өте танымал, себебі қызмет көрсету саласы даму үстінде. Дамыған елдерде қызмет көрсету саласы экономиканың 70-80%  құрайды..

Әлеуметтік-мәдени қызмет адамның материалды, ғылыми және ағартушылық қызметіне араласуға бағытталған.

«Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандықтары келесі талаптарға жауап береді:

— мамандыққа байланысты мәселелерді шешуде керекті уақытқа сай ғылыми тәсілдермен, технологияларды игереді;

-әлеуметтік-мәдени сервистік нарықты қалыптастыруда прогрессивті технологиялармен игерген;

— ақпаратты дайындауда және қабылдау мен ақпараттың маңыздылығын түсіну, әлеуметтік-мәдени сервиске керекті ақпаратты сақтау мен өңдеу;

— мамандықтың келешекке маңыздығын түсіну, алдына кездесетін мәселелерді шешу және әлеуметтік-мәдени сервис нарығында жаңа технологияларды қолдану;

 

5B051100 «Маркетинг» мамандығы бойынша біз нарыққа керекті бакалаврларды дайындаймыз. Маркетинг бөлімдері кез келген кәсіпорындарда қалыптасады.

Маркетинг түсінігі келесідей «тұтынушылардың сұранысын анықтау, болжау, қанағаттандыру және оларды басқару». Басқа сөзбен айтқанда, нарықта маңызы зор қызмет түрін анықтау мен қамтамасыз ету. Маркетинг маманының мақсаты- болашақ тұтныушының қажеттілігін анықтау және нарыққа керекті өнімді анықтау, сол өнімді қай жерде және қашан өткізуді шешу.

Маркетолог мамандарының негізгі қызмет нысандары құрылыс компаниялары, қаржылық-несиелік ұйымдар, өндіріс кәсіпорындары, консалтингтік фирмалар және әртүрлі құқықтық түрдегі коммерциялық фирмалар, діни және қоғамдық ұйымдар.

Маркетинг мамандары өте шапшаң, креативті ойлайтын, сауатты және экономика және менеджмент пәндері бойынша фундаменталды білімі бар, байланысқа ыңғайлы адамдар болуы тиіс.

Көптеген «Маркетинг»  мамандықтарының студенттері жоғарға курстарда өте қызықты және жоғары төленетін жұмыстарды тауып алады. Сонымен қатар студенттер негізгі білім бағытын жеке кәсіпкерлікпен айналасуға дағдыланады.

«Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы бойынша студенттерді екі бағыт бойынша жүргізіледі:

— «Әлеуметтік саладағы және ТКШ сервиспен басқару»;

— «Консалтингтік қызметтер».

«Маркетинг» мамандығы бойынша студенттерді екі бағыт бойынша жүргізіледі:

— «Өнеркәсіптегі маркетинг»;

— «Қызмет саласындағы маркетинг».

«ӘМС» және «Маркетинг» мамандықтары бойынша оқу түрлері:

—       Толық күндізгі (4 жыл);

—       Қысқа күндізгі(2,5 жыл);

—       Қысқа сырттай (3,5 жыл);

—       Толық сырттай (жоғарғы білім базасы негізінде).

 

Мамандықтар бойынша кундізгі  оқыту түріндегі  кредиттер саны:

«Әлеуметтік-мәдени сервис» —  161 кр.

«Маркетинг»  — 161 кр.