“Ұлы халықтың — ұлы Абайы”

 

2019 жылдың 18 қыркүйегінде  қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚарМТУ дың «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасы жанындағы «Абай әлеміне саяхат» әдеби клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен “Ұлы халықтың — ұлы Абайы” атты әдеби-сазды кеші өтті.

Әдеби музыкалық шараның мақсаты – Ұлы ақынның бізге жеткен қымбат асыл мұрасын, шығармаларын насихаттау арқылы келешек ұрпақты адамгершілікке, инабаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өткен тарихымызды зерделеу, ұлттық әдет-ғұрыптарды, рухани құндылықтарды үйрету.

Мәдени іс – шараның беташарын екі рет қатарынан облыстық ақындар айтысында топ бастап бас жүлделерге ие болған айтыскер ақын Оспанов Бекарыс  арнау жырмен бастады. Көмейінде күй барда – деп, ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай, өнерлі студенті — Бақытжанов Рахымжан Тәттімбет Қазанғапұлының «Саржайлау» күйін орындап көпшілікті тәнтті етсе,  cтуденттер —  Нұртілек Төкенов, Манап Ерғали, Асайынов Ілияс, Гарифуллина Иляна,  Амангелді Аяулым и Қуанышбекова Айнұр Абай Құнанбеавтың әндерін орындап, өлеңдерін оқыды.

Аталған мәдени іс – шарада  «Кен аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасының доценті Макашев Байжума, «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының доценті Кенжеғалиев Саян Ақылжанұлы қатысты.

Мәдени-шараны ұйымдастырушылар:  ф.ғ.к. доцент  Кенжеғалиев С.А., п.ғ.м., аға оқытушы Әбілқасов Ғ.М.,  аға оқытушы Хасен М.Ә. г.ғ.м., оқытушы Амангельдина М.С.

 

 

 

Без рубрики